Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы онкохирургтары ауыр дертке шалдыққан науқас...

Алматы онкохирургтары ауыр дертке шалдыққан науқастың өмірін құтқарды 

Барлығы 18.11.2025, 14:45 405
Алматы онкохирургтары ауыр дертке шалдыққан науқастың өмірін құтқарды 
Алматы әкімдігі

Алматы онкологиялық орталығында тоқ ішектің асқынған қатерлі ісігіне және ауыр жүрек-қан тамыр ауруына шалдыққан пациентке күрделі ота сәтті жасалды.

76 жастағы науқас орталыққа ауыр халде түсті. Диагнозы - тоқ ішектің жоғары бөлімінің ІІІ сатыдағы қатерлі ісігі. Ісік жіңішке ішекке өтіп, жыланкөз түзіп, ағзаның улануына және анемияның үдеуіне әкелген. Гемоглобин деңгейі - 69 г/л (әйелдер үшін қалыпты көрсеткіш 120–150 г/л).

Басты қиындық - жүректегі ауыр патология: жүректің ишемиялық ауруы, 2022 жылы жасалған аортокоронарлық шунттау және сол жақ қарынша жұмысының фракциясы - небәрі 28-30% (қалыптысы 55-70%).

"Біз қиын таңдау алдында тұрдық: ота жасалмаса, науқас өмірмен қош айтысуы мүмкін еді, ал жүрек жағдайына байланысты кез келген хирургиялық ем-дом аса қауіпті болды", - дейді онколог Асылбек Қаржауов.

Хирургтар, кардиологтар және анестезиолог-реаниматологтар консилиумы өмірлік көрсеткіштер бойынша ота жасау туралы шешім қабылдады.

Науқасты отаға дайындау барысында оның жағдайын тұрақтандыру, қан көлемін толықтыру және анемияны түзету шаралары жүргізілді. Анестезиологтар жүрек резервінің төмендігін ескере отырып, жеке анестезиялық хаттама жасады.
 
Ота – лапаротомия, кеңейтілген оң жақты гемиколэктомия және жіңішке ішектің бірнеше бөлігіне резекция жасау 55 минутқа созылды.

Зақымдалған аймақтар, оның ішінде лимфа түйіндері алынып, көзге көрінетін ісік тіндері толық жойылды.

"Заманауи құрылғылармен жабдықталған ота бөлмелері күрделі науқастарда да жоғары дәлдікпен және қан жоғалтуды азайта отырып жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл әлсіреген пациенттер үшін өте маңызды", - деді Асылбек Қаржауов.

Отадан кейін науқас анестезиология және реанимация бөліміне ауыстырылып, тәулік бойы бақылауға алынды.

"Біздің міндетіміз науқасты наркоздан жайлы шығуын қамтамасыз ету, жүрек пен өкпе қызметін қолдау, тромбоэмболиялық және инфекциялық асқынулардың алдын алу болды. Жеке инфузиялық, антибактериалды және кардиотоникалық терапия арқасында жағдай тұрақтанды", - дейді реанимация бөлімінің меңгерушісі Рамис Мурадов.

Отадан кейінгі келесі күні науқас белсенді қозғала бастады, ал екі күннен соң жалпы палатаға ауыстырылды.

Сегізінші күні амбулаториялық ем жалғастыру үшін үйіне шығарылды.

Бұл жағдай Алматы онкологиялық орталығының ең күрделі науқастармен де жұмыс істей алатынын айқын көрсетеді.

Мультидисциплинарлық тәсіл, хирургтар мен анестезиологтардың тәжірибесі, заманауи медициналық жабдық - мұның бәрі үміт үзілген кезде де адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #денсаулық #ота
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15

Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттауға арналған 2026–2028 жылдарға арналған жоспарды бекітті

Бүгін 14:12

СІМ орынбасары Түркі мәдениеті және мұрасы қорына сапармен келді

Бүгін 12:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика