Қазақстан мен Эстония компаниялары құны 517 миллион доллардан асатын келісімге келді

  • 14:33, 18 қараша 2025
Қазақстан мен Эстония компаниялары құны 517 миллион доллардан асатын келісімге келді Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алар Карис Қазақстан-Эстония бизнес форумында сөз сөйледі, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Эстонияның іскерлік топ өкілдері қатысып жатқан бизнес-форум сауда және инвестиция саласындағы екіжақты ықпалдастықты жандандыруға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, қаржы және білім беру салаларындағы өзара тиімді серіктестіктің перспективті бағыттарына тоқталды. Сондай-ақ елімізде эстониялық бизнестің кеңеюіне жан-жақты қолдау білдіруге дайын екенін растады.

Жиында Эстония президенті Алар Карис те сөз сөйледі.

Бизнес-форум аясында екі ел компаниялары жалпы құны 517 миллион доллардан асатын 11 коммерциялық құжатқа қол қойды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:37

17:12

16:21

15:11

14:28

12:33

11:10

22:15

20:23

17:51

17:35

17:20

17:03

16:42

16:08

15:40

15:13

14:10

12:05

11:04

10:43

10:04

17:38

17:19

17:00