Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Дархан Сатыбалды «Алматы–1» вокзалының жаңғыртылу...

Дархан Сатыбалды «Алматы–1» вокзалының жаңғыртылу барысын тексерді

Барлығы 18.11.2025, 15:49 424
Дархан Сатыбалды «Алматы–1» вокзалының жаңғыртылу барысын тексерді
Алматы әкімдігі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында «Алматы–1» теміржол вокзалына барып, нысанда жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстарымен танысты. Құрылыс 1974 жылы салынған ғимараттың бастапқы сәулеттік келбетін барынша сақтай отырып жүзеге асырылуда. Мердігер ұйым жолаушылар ағынының көптігі мен нысанның жоғары жүктемесін ескеріп, заманауи антивандал материалдарды қолдануда.

Жаңғыртылған вокзал аумағында визит-орталық, музейлік экспозиция және капсульдік қонақүй ашу жоспарланып отыр. Бұл қызмет сапасын арттыруға, туристік инфрақұрылымды жақсартуға және жолаушылар үшін қосымша қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Алматы әкімі вокзалдың жаңғыртылуы қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі мен жайлылығына тікелей әсер ететін маңызды әлеуметтік жоба екенін атап өтіп, жұмыстар белгіленген мерзімде және талапқа сай орындалуы тиіс екенін айтты.

«Мерзімді созу немесе талапты бұзу фактілеріне жол берген жауапсыз мердігерлер жауапкершілікке тартылады. Бізде сапасы төмен жұмыс үшін лицензиядан айыру тәжірибесі бар. Сондықтан сіздерден тәртіп, жеткілікті ресурс және міндеттемелерді сапалы орындауды күтеміз», – деді Дархан Сатыбалды.

Алматы әкімдігі жаңғырту жұмыстарының орындалуын әрі қарай да бақылауда ұстайды. Жаңарған вокзал қаланың заманауи, ыңғайлы әрі қауіпсіз көлік инфрақұрылымы нысанына айналуы тиіс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Дархан Сатыбалды #вокзал #Теміржол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15

Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттауға арналған 2026–2028 жылдарға арналған жоспарды бекітті

Бүгін 14:12

СІМ орынбасары Түркі мәдениеті және мұрасы қорына сапармен келді

Бүгін 12:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика