Қала әкімдігі дизайн-кодты әзірлеу және енгізу кезінде белгілі бір тыйым салу шараларын енгізуге емес, Алматының сапалы эстетикалық дамуына қол жеткізуге ұмтылатынын түсіну маңызды.
Құжаттың мазмұны туралы Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XIII сессиясында баяндама жасалды.
Дизайн-код әрқайсысы жеке бағытты сипаттайтын қосымшалар жиынтығы болып табылады.
Мұндай қосымшалар саны жетеу. Алтауы болды: Ақпарат тасығыштары, Навигация, Қалалық жиһаз, Көгалдандыру, Қасбеттер мен Қоршаулар. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша Қалалық объектілерді жарықтандыру бойынша жетінші қосымша қосылды.
Әр қосымша туралы қысқаша айтып өтсем.
БІРІНШІ қосымша – «Сыртқы ақпарат». Мұнда қаланың біртұтас бейнесін жасау үшін түстер палитрасы ұсынылады. Бұл ғимараттардың, маңдайшалардың, жарнамалардың, логотиптердің, қалалық жиһаздың және инженерлік құрылымдардың түсін таңдаудағы бағдар.
Сондай-ақ, визуалды шуды азайту үшін бүгінде біріктіруші стилі жоқ қалалық маңдайшалар мен жарнамаларға арналған қаріптер жиынтығы ұсынылады. Сонымен қатар, маңдайшаларды, соның ішінде жарық қораптарын, ғимараттардың төбесіндегі қондырғыларды және т.б. безендіру және орналастыру қағидалары әзірленді.
Орналастырылатын ақпараттың рұқсат етілген түрлері тасымалдағыштың түріне байланысты анықталды, оларға билбордтар, қабырғалық экрандары, афишалық тумбалар және т.б. жатады. Олар санаттар бойынша жіктеледі, әрқайсысы үшін рұқсат етілген орындау нұсқалары жасалады.
Жоғарыда көрсетілген және басқа да ұсынымдар Алматы қалалық ортасындағы 5 негізгі морфотипті ескере отырып жасалған:
- 1920 жылдардан 1980 жылдарға дейінгі үлгілік құрылыс;
- Тарихи орталықтар;
- ЖТҚ;
- Жаңа Құрылыс;
- Аралас Түрі.
Морфотипке байланысты ЖТҚ аудандарында жеке және босаңсыған, жаңа құрылыс аудандарында батыл және эксперименттік немесе сөз тарихи орталықтар туралы жүргізілсе ұстамды және интегративті атмосфераны құру үшін әртүрлі акценттер ұсынылады.
Мұндай тәсіл қаланың тек эстетикалық тартымдылығы мен танылуын қамтамасыз етпейді, сонымен бірге қаланың барлық тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы және үйлесімді орта құруға ықпал етеді.
ЕКІНШІ қосымша – «Навигация» – халықтың барлық санаттары үшін, оның ішінде мобильділігі төмен топтар үшін қалалық ортаның қолжетімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
Қосымша қалалық навигацияның әртүрлі аспектілерін, соның ішінде тактильді элементтерді, жоғары контрастты түстерді және нашар көретіндерге арналған үлкен қаріптерді және визуалды белгілерді, нашар еститіндерге арналған анық көрсеткіштерді қамтиды.
«Орналастыру қағидалары» бөлімінде навигациялық элементтердің көрінуін және қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, олардың стратегиялық орналастырылуының маңыздылығы көрсетіледі.
Көрсеткіштерді, ақпараттық тақталарды және интерактивті терминалдарды қоса алғанда, навигациялық элементтердің алуан түрлілігі оқылым мен қауіпсіздік стандарттарына, сондай-ақ дизайнға сәйкес келуі керек.
«Түрлері және олардың ерекшеліктері» бөлімі қалалық ортаның әртүрлі контексттеріндегі навигация ерекшеліктерін қамтиды. Бұған интуитивті түсінікті навигациясы мен QR кодтары бар туристік маршруттар мен көрікті жерлерді, нақты нұсқаулары бар қиылыстардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ су арналарына жақын жерде қауіпсіздік үшін анық көрсеткіштер мен ескерту белгілері кіреді.
ҮШІНШІ қосымша – «Қалалық жиһаз» – қоғамдық кеңістіктердің функционалдығы мен эстетикасын жақсартуға арналған.
Стационарлық емес сауда объектілерін қоса алғанда, қосымша қаланың жалпы стиліне сәйкес келетін және қала пейзажын шамадан тыс жүктемейтін үйлесімді және ыңғайлы сауда кеңістігін құруға бағытталған. Фаст-фуд дүңгіршектерін, гүл павильондарын, көше кафелерін, шеберханаларды және т.б. орындау және орналастыру нұсқалары ұсынылған.
Орындықтар мен урналар қалалық ландшафттың ажырамас бөлігі бола отырып, қоғамдық орындарда тазалық пен тәртіпті сақтай отырып, жайлылық пен ыңғайлылықты қамтамасыз ету үшін бірыңғай түрде жобалау ұсынылады.
Көлеңкелі қалқалар мен діңіргелік торлар ауа-райынан қорғауды қамтамасыз ету және қалалық жасыл желектерді сау ұстау арқылы қалада болу жайлылығын арттыруға арналған.
Әлемдік қалалардың ерекшелігі – мегаполистердің көрікті жерлеріне және олардың бірегейлігіне айналатын люктердің жеке дизайны. Алматы үшін ауданның, ғибадат ғимараттарының және т.б. сызықшалауы бар қала картасының суретін қоса отырып, қалалық люктерді безендірудің түрлі нұсқалары ұсынылды.
Велосипедтер мен электр самокаттар сияқты жеке мобильділік құралдарын дамыту қалада қозғалудың тұрақты тәсілдерін нығайтуға ықпал етеді. Бөлімде тұрақтарды орнату түрлері мен қағидаттары, талаптар мен орналасу бойынша ұсыныстар сипатталған.
Біз қалалық қауымдастықтарды дамытуға, соның ішінде қалалық ортада жағдай жасау арқылы дамытуға мүдделіміз. Осы мақсатта спортпен шұғылданатын, иттерді серуендететін және т.б. қала тұрғындары кездесетін және сөйлесе алатын әртүрлі модульдік объектілерді орната отырып, Комьюнити-поинттерді (кездесу орындары) құру ұсынылады.
Кездесу орындары қала тұрғындарының демалуына және қарым-қатынасына ықпал етеді, сондай-ақ Алматының қалалық ортасының бірегей элементі бола алады.
ТӨРТІНШІ қосымша – «Көгалдандыру» – бақша-қала ретінде Алматы үшін ең маңыздыларының бірі.
Негізгі бағыттарға құрылыс пен рестоврация кезінде қаладағы жасыл аймақтарды сақтауға және арттыруға баса назар аудара отырып, жасыл екпелерді құру және қалпына келтіру кіреді.
Автотұрақтар мен тұрақтарды көгалдандыруға ерекше назар аударылады, мұнда кең кроналы ағаштар мен авто суару жүйелерін пайдалану микроклиматты жақсартуға және ауаның ластануын азайтуға көмектеседі.
Ашық жерлердегі жасыл желектерге, контейнерлік көгалдандыруға және ғимарат қасбеттерін тік көгалдандыруға бағытталған ландшафттық дизайн қалалық ортада шектеулі табиғи кеңістікте жасыл желектер санын арттыруға бағытталған.
Шатырды көгалдандыру – бұл жасыл аймақтарды кеңейтуге және экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік беретін тағы бір қалалық стратегия.
Жалпы, бұл бастамалар сау, жайлы және экологиялық тұрақты қалалық ортаны құруға бағытталған.
БЕСІНШІ қосымша – «Қасбеттер» ғимараттардың қасбеттерін безендіруге және әрлеуге баса назар аударады.
Кіру топтарына баса назар аударылады. Әр түрлі стильдер мен тәсілдерді, сондай-ақ заманауи жарықтандыру мен көгалдандыру мүмкіндіктерін қолдана отырып дизайн мысалдары ұсынылған. Сондай-ақ, халықтың жүріп тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету маңызды.
Қасбеттердегі маңдайшалар мен белгілерді ғимараттың және қоршаған ортаның жалпы стиліне сәйкес келетіндей етіп орналастыру ұсынылады.
Бұл инженерлік және техникалық жабдықтарға да қатысты. Эстетикалық тұтастыққа қол жеткізу үшін кондиционер торларын, ауа өткізгіштерін және құбырларды жалпы қасбет дизайнына біріктіру ұсынылады.
Балкондар, күнқағарлар мен жапсаржайлар сияқты ғимарат элементтері де қасбет дизайнында ескеріліп, олардың функционалдығы мен визуалды тартымдылығын қамтамасыз етеді. Ғимараттар мен құрылыстардың сәулеттік-көркемдік безендіру жүйесі бірегей қалалық келбет пен мәдени бірегейлікті қалыптастыруға ықпал ететін муралдар мен мозаикаларды пайдалануды қамтиды.
АЛТЫНШЫ қосымша – «Қоршаулар». Қаладағы әртүрлі қоршаулар қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, сонымен қатар қалалық кеңістіктердің эстетикасына ықпал етеді. Оларға тек тұрақты ғана емес, сонымен қатар уақытша қоршаулар, боллардалар, тіректер, жаяу жүргіншілер кедергілері және жол шектеулері кіреді.
Қосымша шеңберіндегі ұсыныстар барлық қоршаулардың қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуін, тұрақты және берік болуын, сонымен бірге жалпы қалалық ландшафтқа үйлесімде болуын қамтамасыз етуге бағытталған.
ЖЕТІНШІ қосымша – «Жарықтандыру» - ғимараттардың қасбеттерінен көше жарықтандыруына дейінгі қалалық жарықтандырудың көптеген аспектілерін қамтиды.
Ғимараттардың қасбеттерін жарықтандыру сәулеттік ерекшеліктерді, соның ішінде аркаларды, субұрқақтарды, муралдарды және мозаикаларды көңіл аударту үшін жылы сары немесе ақ жарықты пайдалануды көздейді.
Сәулет ескерткіштерінің бірегейлігі мен сұлулығын көрсету үшін жарықтандыруға ерекше назар аударылады.
Көше жарықтандыруы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, көшелерге жайлылық пен тартымдылық беретін жол шамдары мен аспалы жарықшамдарын қамтиды.
Саябақтар мен гүл бақтарын жарықтандыру контекстінде бірегей ағаштарды жарықтандыру қарастырылған. Таңдау критерийлері – ағаштың көнелігі, биіктігі және жолдардың жанында орналасуы, сондай-ақ құстар ұяларының болмауы болады.
Қалалық аллеялар мен саябақтарда адаптивті жарықтандыруды пайдалану ұсынылады, ол адамдар болмаған кезде кезекші режимге өтеді, сондай-ақ smart-шамдар интеграциясы.
Сондай-ақ, қалалық жалға беру станциялары мен жеке мобильділік құралдарының тұрақтарын жарықтандыруға баса назар аударылады.
Қосымшаның маңызды бөлігі қалалық жарықтандыруға арналған дизайн және техникалық шешімдер болып табылады. Бұл, мысалы, «белдемшелер» (қорғаныс цоколі) – сыртқы жарықтандыру тіректерінің монтаждау элементтерін, антивандалдық құрылымдарды жасыру үшін.
Сондай-ақ, оның беріктігі мен тиімділігін қамтамасыз ететін қалалық жарықтандыруды пайдалану қағидалары ұсынылған.