ffin.kz

Алматы қаласының дизайн-коды маңызды құжаттар қатарында

Алматы қаласының дизайн-коды маңызды құжаттар қатарында Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының 2022 жылдың қараша айында және ағымдағы жылдың тамыз айында берілген тапсырмаларын орындау шеңберінде жақсы нәтижелерге қол жеткізілді.


Бұл туралы Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XIII сессиясында Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин баяндады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Президент Алматы қаласы тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеруді тапсырды. Бұған экономика мен әлеуметтік саланы дамыту, сапалы сумен жабдықтау және ыңғайлы қоғамдық көлікті қамтамасыз ету, ауа сапасын жақсарту және тағы басқа шаралар бағытталған.


Біз Алматының 2040 жылға дейінгі жаңа Бас жоспарын,  Алматы агломерациясын дамытудың Кешенді жоспарын жедел қарап қабылдадық. Сонымен қатар коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуін өтеу үшін халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға арналған төлемдерді бекіттік, және алдағы үш жылдық кезеңдегі қаланың әлеуметтік бағытталған бюджетін қабылдадық.


Бүгін сіздің қарауыңызға енгізілген Алматы қаласының дизайн-коды аталған маңызды құжаттар қатарына қосылуда. Ол Мәслихаттың құрылыс, сәулет, урбанистика және жер қатынастары жөніндегі комиссия мүшелерімен қаралып пысықталды.


Алматының дизайн-коды – қалалық ортаны қалыптастыру бойынша ережелер мен қағидалардың жиынтығы. Ол қала тұрғындары үшін қолайлы үйлесімді мегаполис құруға бағытталған.


Дизайн-код шеңберінде біз екі мақсатқа қол жеткіземіз. Бірінші мақсат – Алматының танымал тарихи келбетін сақтау, екінші –әлемдік үрдістерді ескере отырып, қаламыздың болашақ мегаполис ретіндегі бейнесін дамыту.


Дизайн-кодты әзірлеу аясында халықаралық тәжірибенің талдауы жүргізіліп, сарапшылармен 15 жобалық семинар ұйымдастырылды. Қала тұрғындарының 13 мыңнан астам сауалнамасы жиналып қарастырылды. Респонденттердің 50%–ы қаламызда туғаннан бері тұрып келе жатқан алматылықтар.


Дизайн-код іс жүзінде үнемі қолданылатын жұмыс құжаты ретінде жасалған. Сондықтан құжат қарапайым тілде жазылған және нақты адресаттарға арналған. Бұл біздің қаламыздың тұрғындары, кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар және креативті қоғамдастық өкілдері мен басқалар. Барлығы 8 санат.


Талқылау және нақтылау нәтижесінде дизайн-код қалалық қоғамдастықтардың қажеттіліктері мен үміттерін толық  қанағаттандыру мақсатында бейімделді. Мәслихаттың салалық комиссиясының отырысында берілген ескертулер өз үлесін қосты.


Нұрсұлтан Нұрланұлы сізге жеке алғыс білдіргім келеді. Сіз дизайн-кодты сипаттағанда, оның болашақ өзгерістерге ашық құжат екенін өте орынды айтып өттіңіз. Бұл құжат қалада өзгерістер басталған кезде айқындалатын болады.


Біз дизайн-кодты біркелкі және кезеңді түрде енгізуді жоспарлап отырмыз. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша жаңа тәсілдерге бейімделу үшін 1,5 жыл ішінде өтпелі кезең енгізілетін болады.


Қаладағы жаңа нысандар үшін дизайн-кодтың ұсыныстар мен талаптардың толық көлемі қолданылатын болады. Қолданыстағы бар нысандармен кешенді түрде жұмыс өткіземіз. Кәсіпкерлерді өз еркімен және белсенді түрде дизайн-код қағидаттарын енгізу   және сол арқылы қаламыздың келбетін жақсарту үшін ынталандыру шараларын ұсынамыз.


Дизайн-кодтың бөлек сервис-сайты әзірленді. Бұл ақпарат, ресурстар жинауға және білім алмасуға арналған орталық алаң. Сонымен қатар, аталған сайт дизайн-кодты енгізу барысында диалог алаңы ретінде қолданылатын болады.


Дизайн-кодты әзірлеу кезінде барлық нормативтік-құқықтық талаптар орындалғанын атап өткен жөн.


Нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу қағидаларына сәйкес, біз «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасының, Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің, Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы жанындағы Сараптамалық кеңестің оң қорытындыларын алдық.  


Қатысушылардың пікірлері мен мүдделерін жан-жақты есепке алу Алматы қаласының дизайн-коды кешенді және теңдестірілген құжат ретінде қалыптасуына ықпал етті.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51