ffin.kz

Алматының дарынды оқушылары беделді халықаралық зияткерлік олимпиадаларға белсенді қатысады

Алматының дарынды оқушылары беделді халықаралық зияткерлік олимпиадаларға белсенді қатысады Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы қаласының олимпиадалық командасы 20 жылдан аса республикалық олимпиадалардың қорытындысы бойынша «ҚР Үздік олимпиадалық командасы» атанып келеді.


Бұл - Алматы қаласының басты жетістігі мен мақтанышы. Қала мектептерінің 6 оқушысы елордаға барып қайтты, онда оларға оқу-ағарту министрі құрмет көрсетті. ӨКҚ брифингінде балалар өздерінің зияткерлік жеңістерін, ал олардың тәлімгерлері медаль иегерлерін қалай тәрбиелеу керектігі туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Халықаралық зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздары Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясына шақырылды.


«Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының директоры Гүлнұр Кәрімғажы Қазақстан құрама командалары ең беделді 7 халықаралық олимпиадаға қатысып, (IMO, IPhO, IBO, IOL, ІСһО, IGeO, IOI), олардың қорытындысы бойынша 23 медальді жеңіп алғанын, оның ішінде 2-уі алтын, 11-і күміс, 10-ы қола жүлде екенін айтты.


Олардың қатарында: 
1. Бисимби Досжан – Физикадан халықаралық олимпиаданың (IPhO) күміс медаль жүлдегері, жетекшісі - Тилеубаев Мейрамбек Слямханович;
2. Амангелді Ислам – Биологиядан халықаралық олимпиаданың (ІВО) қола медаль  жүлдегері, жетекшісі - Абдешев Қуандық Серікқалиұлы;
3. Ерназаров Бақдәулет – Биологиядан халықаралық олимпиаданың (ІВО) күміс медаль жүлдегері, жетекшісі - Мажитов Бекзат Мухамедұлы; 
4. Серазитдинов Назар – Информатикадан халықаралық олимпиаданың (IOI) қола медаль жүлдегері, жетекшісі - Сатылханов Темірлан Қайратұлы;
5. Сакенов Батырхан – Математикадан халықаралық олимпиаданың (IМО) қола медаль жүлдегері, жетекшісі - Кунгожин Медеубек Аманкельдиевич;
6. Юркеевич Мирон – Математикадан халықаралық олимпиаданың (IМО) қола медаль жүлдегері, жетекшісі - Кунгожин Нурбек Манбетұлы.



Баспасөз конференциясына қатысушы №165 мамандандырылған лицейдің физика пәнінің мұғалімі, физика пәні бойынша халықаралық олимпиаданың күміс жүлдегерінің жетекшісі Василий Соколов олимпиадаларға қатысу үшін балаларды іріктеу 7-сыныптан бастап жүргізілетінін айтты, бірақ бұл бастапқыда іріктеуден  өтпеген бала резервке өте алмайды дегенді білдірмейді.



«Балалардың мотивациясы әр түрлі, кейбіреулері өз қатарластарына өздерінің ең жақсы екендіктерін дәлелдегісі келсе, енді біреулері жақсы жетістіктерге жетіп, шетелдік жоғары оқу орындарына түскісі келеді», - деп атап өтті дарынды балалардың тәлімгері.



Айта кетейік, халықаралық олимпиадалардағы жеңістер әлемнің кез келген университетіне түсуге 100% кепілдік береді.  Ол үшін мұғалімдер де үлкен күш-жігер жұмсайды, бірақ сонымен бірге оқушылар өз бетінше білім ала алады. 


Олимпиадашылардың өздері барлық уақыттарын оқуға арнайтынын айтты. Негізгі сабақтардан басқа, олимпиадаларға дайындалуға 5-6 сағат кетеді. 



«Маңызды олимпиадалар алдында бұл уақыт күніне 14 сағатқа дейін артады. Бір ұйықтап алып, демалып, әрі қарай жұмыс істей береміз», - деп бөлісті биология бойынша халықаралық олимпиаданың (IBO) қола жүлдегері, «Галакси» халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы Ислам Амангелді.



Халықаралық физикалық олимпиаданың (IPhO) күміс жүлдегері, «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы Досжан Бисимби олимпиадаларға қатысу өз уақытын дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді және мақсатқа ұмтылады деп есептейді. 



«Сонымен қатар, бұл - басқа елдердің ең ақылды оқушыларымен танысу тәжірибесі», - деп толықтырды ол.



№ 165 мамандандырылған лицейдің директоры Ербол Баеков көп жағдайда біздің дарынды балаларымыздың жеңістері олардың жетекшілерінің - балалардың алдына мақсат қоя алатын және оларға қол жеткізуге көмектесетін тәжірибелі мұғалімдердің еңбегі екенін айтты.



«Дарынды баланы анықтау үшін жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. Ең алдымен, оқушының қалауы болғаны жөн. Әрі қарай,  үйде 8-9 сағат бойы дайындала алатындай жағдай жасалу керек. Мұнда ең маңызды рөлді пән мұғалімі атқарады.  Ол оқушының талантын ашады және одан әрі оның дамуына ықпал етеді. Мектеп әкімшілігі олимпиадаға дайындауға маманданған жетекшілерді тағайындайды, олардың қолына мұғалімдер оқушыны сеніп тапсырады», - деп қорытындылады мектеп директоры.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32