AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматылық тыл ардагеріне құрмет көрсетілді

Алматылық тыл ардагеріне құрмет көрсетілді

Барлығы 02.05.2025, 16:26 742 Нұржамал Әлішева
Алматылық тыл ардагеріне құрмет көрсетілді
Сурет: aqshamnews.kz

Алматыда ұландықтар соғыс жылғы бала – тыл ардагері, Ұлттық ұланның ардагері, отставкадағы майор Ғалымжан Бакешевтің  үйінің ауласында салтанатты іс-шара  ұйымдастырып, ардагерді 90 жасқа толған мерейтойымен және Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесімен құттықтады. 

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы Кеңес Одағының Батыры гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Ұлықбек Қараев ардагерге алғыс хат табыстап,  қолбасшылық атынан құттықтау лебізін білдірді, ал өңірлік қолбасшылықтың Ардагерлер кеңесінің мүшелері және Hexlet ІТ колледжінің оқытушылары мен студенттері  тыл еңбеккеріне арнайы дайындап келген сый-сияпаттарын берді.  Осыдан соң ардагер үйінің ауласында Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің оркестрі соғыс жылдарындағы әскери әндерді орындаса, ұландық сарбаздар салтанатты маршпен жүріп өтті. 

– Тыл ардагері Ғалымжан Жүсіпұлы Ішкі әскерде ұзақ жылдар қызмет етіп, зейнетке шыққан. Біз Ғалымжан атаға жиі келіп, жағдайын біліп, мерекелерде құттықтап отырамыз. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында қазір тек жалғыз тыл ардагері бар. Қазыналы қариямызға әрқашан құрмет көрсетеміз, - дейді подполковник Ұлықбек Қараев. 

Соғыс басталғанда Ғалымжан ата небары алты жаста еді. Өзі сияқты буыны бекіп, бұғанасы қатпаған  балалардың бәрінің балалық шағын соғыс ұрлаған болатын. Олар еңбекке ерте араласып, ауылдағы ер-азаматтардың орнын басты, аналарымен бірге тылда еңбек ете жүріп, Жеңіс күнінің жақындауына үлес қосты.

Қазір соғыс жылғы балалар тыл ардагерлеріне теңестірілген, өйткені олардың көбі кішкентай жасынан бастап майданға кеткен ересектердің орнын басты: зауыттарда, колхоздарда жұмыс істеді, сарбаздарға жылы киім тоқыды.  Ғалымжан ақсақалға да осы мәртебе берілген. Сонымен қатар Ғалымжан Жүсіпұлы – Ұлттық ұланның қарт ардагерлерінің бірі. Ол 1960 жылдан бастап КСРО-ның Ішкі әскерінде әр түрлі қызметтерде болған. КСРО ІІМ Қазақ ССР-і және Қырғыз ССР-і бойынша Ішкі әскер басқармасында саясат бөлімінің нұсқаушысы лауазымында зейнетке шыққан.

Ғалымжан ата мен жұбайы Қоныскүл апа әскери оркестрдің әуенімен дөңгеленіп вальс билеп, көңілдері жадырап, жасарып қалғандай болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тыл ардагері #Құрмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);