Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде қаланың санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мамандары вакцинация жүргізу вирустың алдын алудың тиімді шаралары екенін еске салды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.
«Жалпы, қалада 2024 жылдың 5 айында бірқатар профилактикалық егулер белгіленген жастағы халықты қамтудың қажетті деңгейіне (кем дегенде -39,5%) жетті, оның ішінде 1 жасқа дейінгі, 18 ай, 6 жастағы балаларды және 16 жастағы жасөспірімдер, ересек тұрғындарды егумен қамту», - деді Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.
Перзентханаларда нәрестелерді В вирусты гепатитіне және туберкулезге қарсы вакцинациямен қамту қажетті деңгейден төменірек болып - 89,9% және 89,0% құрады (тірі туғандар – 20312, ВГВ1 егілгендер -18233, БЦЖ егілгендер -18069), бұл негізінен қаланың перинаталдық орталықтарында туылған балалардың шала туылуы себебінен медициналық қарсы көрсетілімдерге, сондай-ақ ата-аналардың профилактикалық екпелерден бас тартуына байланысты. Белгіленген жастағы халықты егумен қамтудың қажетті деңгейіне жету үшін Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасымен бірлескен кеңестер ұйымдастыру арқылы медициналық ұйымдар кескінінде ай сайынғы мониторинг жүргізіледі.
Қалада, сондай-ақ республика бойынша ағымдағы жылы наурыз айынан бастап, бұрын екпе алмаған және екпе курсы аяқталмаған 18 жасқа дейінгі балаларға толықтыра иммундау жүргізілуде. Бүгінгі күні толықтыра иммундау аясында 17 538 бала егілген, оның ішінде қызылша, қызамық, эпидемиялық паротитке қарсы ККП – 3 671 бала, дифтерия, көкжөтел, сіреспе, гемофилді инфекция, вирустық гепатит В, полиомиелитке қарсы Гексаксим вакцинасымен – 6 045 бала, дифтерияға, көкжөтелге, сіреспеге, гемофильді инфекцияға, полиомиелитке қарсы Пентаксим вакцинасымен – 3 252, пероральді полиомиелитке қарсы ОПВ вакцинасымен - 204, дифтерияға, көкжөтел, сіреспеге қарсы Адасель вакцинасымен -212, В вирусты гепатитіне (ВГВ) қарсы – 686, А вирусты гепатитіне (ВГА) – 3468 бала.
Оның айтуынша, бұл жұмыс қалалық медициналық ұйымдарында амбулаториялық-емхана желісінде жалғасуда.
Қазіргі уақытта белгіленген жастағы тұрғындарды жоспарлы профилактикалық егулермен қамтуды қамтамасыз ету үшін Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының қоймасында вакциналар бар. Ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында вакциналардың қосымша көлемін жеткізу күтілуде.
СЭБД мәліметі бойынша, Алматы қаласының аумағы кене энцефалиті бойынша эндемиялық және безгектің жоғары аймағында орналасқан.
Кенелердің санын шектеу мақсатында екі рет жалпы ауданы 4733,12 га болатын орманды алқаптар мен қалалық саябақтарда, алаңдарда кенелерге қарсы дезинсекциялық өңдеу жүргізілді (100 қалалық саябақтар мен алаңдарда -461,636 га, 8 орман саябағында - 1904,924 га) және жалпы ауданы 74,4 га болатын 6 анофелогенді су қоймасында 6 рет безгек масаларына қарсы дезинсекциялау жұмыстары ағымдағы жылдың маусым айынан тамыз айы аралығында жүргізілетін болады.
Дезинсекциялық іс-шаралар республикалық бюджет қаражаты есебінен, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарының тікелей бақылауымен ШЖҚ МҚК «Алматы қаласы бойынша дезинфекциялық орталық» филиалы жүргізеді. Дезинфекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін «Дельтэкс SC 10» инсектицидті-акарицидты препарат қолданылды.
Спикер сондай-ақ, ағымдағы жылдың сәуір айында Үндістаннан келген туристер арасында тырысқақ ауруының сырттан әкелінген 3 жағдайы тіркелді (барлығы басқа елдердің азаматтары, соның ішінде Қырғызстан – 1 жағдай, Ресей Федерациясы – 2 жағдай). Барлық жағдайлар тығыз байланыста болған 170 адам анықталды, барлығы инкубациялық кезеңде жұқпалы аурулар стационарына оқшауланды, денсаулығына шағымдар болған жоқ, барлығы тексерілді, нәтижесі теріс. Науқас профилактикалық ем қабылдағаннан кейін, талдау нәтижесі теріс болып үйден шығарылды.
«2024 жылдың 5 айында коронавирустық инфекцияның зертханалық расталған 282 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 31, жасөспірімдер – 6 және ересектер – 243. Ағымдағы жылдың 1 маусымынан 20 маусымына дейінгі кезеңде коронавирустық инфекциясының зертханалық расталған жағдайлары тіркелген жоқ», - деп толықтырды Әсел Қалықова.
Барлық инфекциялық және паразиттік аурулар ошақтарында эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар Кешенді іс-шаралар жоспарларына және қолданыстағы санитарлық ережелерге сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп уақтылы жүргізілді.