ffin.kz

Қауіпті инфекциялар бойынша Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Қауіпті инфекциялар бойынша Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақты Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Мегаполисте тырысқақ, іш сүзегі, қызамық, дифтерия, сібір жарасы, қышыма сияқты жұқпалы аурулардың жағдайлары тіркелмеген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz

Қала аумағында 2024 жылдың 5 айында бірқатар жұқпалы және паразиттік аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. 59 нозология бойынша (оның ішінде оба, сібір жарасы, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба, дифтерия, қызамық, сіреспе, полиомиелит, іш сүзегі, А, В, С паратиф және т.б.) аурушаңдық тіркелмеген.

«12 нозология бойынша аурушаңдық, оның ішінде функционалды диарея 7,8%-ға, тағамнан улану 27,5%-ға, скарлатина 2,1 есеге, жіті сал ауруы 2,4 есеге, желшешек 2,2 есеге, эхинококкоз 27,7%-ға, тұмау 2,6 есеге, туберкулез 4,7%, мерез 34,2%, педикулез 33,9%, перинаталдық аурулар 3,7 есеге, анықталған коронавирустық инфекция 6,8 есеге төмендеген», - деді Қасымхан Алпысбайұлы. 

11 нозология бойынша, оның ішінде ботулизм, бруцеллез, пастереллез, листериоз, іріңді менингит, серозды менингит, кене вирустық энцефалиті, С жедел вирустық гепатит, иерсиниоз, хирургиялық/терапевтік әрекеттерден кейінгі асқынулардың бірен-сараң жағдайлары және сырттан әкелінген Денге қызбасының (Малайзия мен Индонезиядан келген, емделген) 1 жағдайы тіркелді. 

Сонымен қатар, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11 нозология, оның ішінде сальмонеллез 17,4%-ға, этиологиясы анықталған жіті ішек инфекциялары 22,1%-ға, көкжөтел 20,1 есеге, менингококк инфекциясы 1,6 есе (немесе 2 жағдай), қызылша 5,8 есе, А вирустық гепатит 41,6%, жедел В вирустық гепатит 44,4% (немесе 1 жағдай), созылмалы С вирустық гепатит 32,5%, энтеробиоз 1,7 есеге, ЖРВИ 7,8%, дерматомикоз 32,2% артуы байқалады.

ЖРВИ/тұмаудың былтырғы өткен эпидемиологиялық маусымында алдыңғы аптамен және бақылау деңгейлерімен салыстырғанда сырқаттану көрсеткіштері 1,5 және одан да көп есе аспай, ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі байқалды.

ӨКҚ спикері қалада 2023 жылдың 1 қарашасынан 2024 жылдың 8 ақпанына дейін A/H3N2 типті тұмау вирусы болғанын еске салды. Қала бойынша A/H3N2 типті тұмаудың 232 жағдайы тіркелді (өткен эпидемиялық маусымда тұмаудың 244 жағдайы тіркелген, оның ішінде В-119 жағдай, A/H3N2 түрі-3 жағдай, A/H1N1pdm09- 122 жағдай). Сонымен бірге, ЖРВИ-дың басқа вирустары: риновирустар, РС вирусы, парагрипп, бокавирус, аденовирус, метапневмовирус және маусымдық коронавирус қатар жүрді.

Алматыда эпидемиялық маусымға дейін тұмауға қарсы барлығы 257 495 адам егілді, бұл қала тұрғындарының 11,5% құрады, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен «Гриппол плюс» вакцинасымен 250 000 «қауіп тобындағы» адамдар, 6 202 адам жұмыс берушінің есебінен және өз қаражаты есебінен 1 293 адам ақылы түрде егілді.

Ағымдағы жылдың қаңтар айының басынан бастап 1 мамырға дейін қызылшаның зертханалық расталған 3 170 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 1948, жасөспірімдер – 140, ересектер – 1082 жағдай. Соңғы тәуліктерде қызылшаның расталған 1 жағдайы тіркелді. 

Сонымен бірге, спикер қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау қалай жүргізілетінін егуге жататын тұлғаларды вакцинациялау жоспарының орындалуы 105% құрады, оның ішінде 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі балалар – 63%;  2 жастан 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балалар -99,4%, медицина қызметкерлері - 100%, ал 2023 жылдың қарашасынан бастап қызылшаға қарсы толықтыра иммундау бойынша – бұрын вакцинация алмаған және 18 жасқа дейінгі вакцинация курсы толық емес адамдар -134,6% құрады.

«Ағымдағы жылдың 5 айында екпе алмаған 14 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтелдің расталған 62 жағдайы тіркелді. Оның 35-і көкжөтелге қарсы екпеден бас тартуына байланысты, 14-і медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты, 10-ы (16,1%) вакцинация жасына жетпегені, 3-уі екпенің толық курсымен қамтылмаған», - деп нақтылады ол. 

Ағымдағы жылдың басынан бері А вирустық гепатиттің 351 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы аурушаңдық көрсеткіші 15,3 құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41,6%-ға жоғары. Жас құрылымында ересек тұрғындар басым, олардың үлесі 64,9%, 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі 25,9%, жасөспірімдер – 9,1%. 

«В вирустық гепатит жағдайлары негізінен вакцинациядан бас тартуға және медициналық қарсы көрсеткіштерге байланысты егілмеген балалар арасында тіркеледі.  Науқас балалардың 14-і (15,4%) басқа облыстардың, негізінен Алматы облысының тұрғындары», - деп түсіндірді ол. 

Инфекцияның негізгі берілу механизмі мен факторы – 90,8% (319 жағдай) байланыс-тұрмыстық, яғни санитарлық-гигиеналық объектілерге, қоғамдық орындарға барған кезде, жуылмаған жемістерді, тамақ өнімдерін жеген кезде жеке бас гигиенасын сақтамаумен байланысты (қолдарын жумаған), 6,8% (24 жағдайда) А вирустық гепатитпен ауыратын науқаспен байланыста болған; 2,2% (8 жағдай) жағдайда - шетелде бассейндерде шомылған. 

Жаңа оқу жылының басынан 2023 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың мамырына дейін қала мектептерінде А вирустық гепатитпен зақымдану -17,1% (барлығы 327 мектеп, 56 мектеп зақымданған) құрады, 56 мектепте мектеп оқушылары арасында 75 жағдай тіркелді, мектептерде аурушаңдық бірлі-жарым, соның ішінде 40 мектепте 1 жағдайдан, 14 мектепте әртүрлі сыныптарда 2 жағдайдан, аурушаңдық бір-бірімен және мектеппен  байланысты емес. Мектеп жасына дейінгі балалар арасында А вирустық гепатиттің 7 жағдайы, оның 4-уі қаладағы 4 мектепке дейінгі мекемеде тіркелді, аурушаңдық ұйымдасқан топпен байланысты емес. Қалған 3 жағдай Алматы облысында балабақшаға баратын балалар арасында тіркелді.

А вирустық гепатит  ошақтарында 1612 байланыста болғандар анықталды, олардың 749-ы 14 жасқа дейінгі балалар, 358-і жасөспірімдер. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 14 жасқа дейінгі егуге жататын 127 бала А вирустық гепатитке  қарсы егілді.  Барлық аудандарда эпидемияға қарсы шаралар жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 5 айында менингококк инфекциясының расталған 5 жағдайы тіркелді (оның ішінде 2 бала және 3 ересек адам), 1,6 есеге (немесе + 2 жағдайға) өсу байқалады. Контингент бойынша аурушаңдық ұйымдаспаған және ұйымдасқан мектепке дейінгі мекемелердің балалары, студенттер, әртүрлі сала қызметкерлері, жұмыссыздар арасында бір жағдайдан тіркелді. Ересектер арасында 2 (40,0%) жағдайда қоздырғыш N. meningitidis A серогруппасы бөлініп алынды, қалған 3 (60%) жағдайда ПТР әдісімен зерттеу кезінде ми жұлын сұйықтығында N. Meningitidis ДНК анықталды. Барлығы сауығып, ауруханадан шығарылды. Ауру ошақтарында 202 байланыста болған адам тексерілді, олардың арасында тасымалдаушылар анықталмады. Аурушаңдықты алдын алу мақсатында жабық мекемелерге жатқызылған кезде және «тәуекел тобы» контингенті менингококк инфекциясына 4531 адам тексерілді, тасымалдаушылар анықталмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:43

17:13

17:12

16:43

16:09

15:49

15:10

14:44

14:14

13:43

13:13

12:44

12:12

11:41

11:11

10:43

10:36

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55