ffin.kz

Алматыда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша 300 ден астам іс-шара өткізілді

Алматыда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша 300 ден астам іс-шара өткізілді Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бұл іс-шаралар 28 мың адамды қамтыды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Қиқымов мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Діни экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуының алдын алу шеңберінде мегаполисте дін, саясат, тарих, психология, мәдениет, құқық және т. б. салаларда 42 маманнан тұратын ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс істейді.

ӨКҚ спикері  Нұрлан Қиқымов атап өткендей, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барысында халықтың теріс діни идеологияға осал топтарына негізгі басымдық беріледі. 

"Жыл басынан бері діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу аясында барлығы 28 мың адамды қамтитын 334 іс-шара өткізілді. Бұдан басқа, радикалды діни идеологияға иммунитетті қалыптастыру және халықтың діндар бөлігі арасында дәстүрлі рухани сананы нығайту мақсатында профилактикалық жұмысқа мешіттердің білікті имамдары тартылады. Бұл бағытта жыл басынан бері 500-ге жуық кездесу ұйымдастырылып, 60 мыңға жуық адам қамтылды. Сондай - ақ, 3 мыңға жуық адамның қатысуымен қазақ халқының салт-дәстүрлері, тарихы, ағартушылары мен батырлары туралы 10 викторина өткізілді", - деді ол. 

Сонымен қатар, дін саласындағы заңнама талаптарына қатысты 629 мың ақпараттық брошюра әзірленіп, жеке және көпқабатты үйлердің тұрғындары арасында таратылды.

Экстремистік және радикалды діни идеологиядан зардап шеккен азаматтарды оңалтуға ерекше назар аударылады. Басқарма жанынан 2017 жылдан бастап консультация және теологиялық оңалту қызметтерін көрсететін арнайы орталық жұмыс істейді.

"Ағымдағы жылдың басынан бастап аталған орталықтың қызметі шеңберінде білікті теолог-мамандар мен психологтарды тарта отырып, теріс діни идеологияның ықпалына ұшыраған 1000-нан астам адаммен жұмыс жүргізілді. 7 айдың қорытындысы бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 84 адам ақталды", - деді Н. Қиқымов.

Сондай-ақ, "Жусан"операциясы аясында елге қайтарылған азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Басқарма интернет арқылы діни экстремистік идеологияның кең таралуына қарсы тұру мақсатында қарсы үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізуде.

Осылайша, жыл басынан бері радикалды діни идеологияның зияндылығы туралы 200-ден астам фото және бейнематериалдар дайындалды, бұл материалдар әлеуметтік желілердегі ресми беттерде, сондай-ақ блогерлердің, дінтанушылардың, имамдардың, жалпы саны 2,2 млн.жазылушысы бар мәдениет және өнер өкілдерінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында және танымал ақпараттық порталдар мен аумақтық БАҚ-та жарияланды.

"Қарсы насихаттау жұмысының нәтижелілігін арттыру мақсатында SMM және дизайн саласындағы мамандар тартылады, сондай - ақ әлеуметтік желілерде пайдаланушыларды қызықтыра алатын сапалы және өзекті материалдарды әзірлеуге басымдық беріледі", - деп толықтырды спикер.  

Басқарма тұрақты негізде экстремистік сипаттағы топтарға қол қойылған әлеуметтік желілерді пайдаланушыларды анықтау бойынша мониторинг жүргізеді. Биыл осы жұмыс аясында 144 мыңнан астам қолданушы қамтылды.

Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге жол бермеу мақсатында экстремистік сипаттағы анықталған топтардың деректері оларды одан әрі бұғаттау үшін тұрақты негізде дінтану сараптамасына жіберіледі.

Сонымен қатар, жыл басынан бері ҚР Дін саласындағы заңнамасын бұзудың 9 фактісі анықталды, олар бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Басқарманың мәліметінше, Алматыда барлығы 17 конфессияның мүддесін білдіретін 192 діни бірлестік тіркелген. Қала аумағында 118 діни ғимарат жұмыс істейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:47

17:15

16:46

16:16

15:45

15:15

14:44

14:14

13:02

12:45

12:22

11:49

11:11

10:50

10:09

17:43

17:13

17:12

16:43

16:09

15:49

15:10

14:44

14:14

13:43