Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы әкімі қаланың үздік өндірістік және IT алаң...

Алматы әкімі қаланың үздік өндірістік және IT алаңдарын аралады

Алматы 10.10.2025, 12:38 454
Алматы әкімі қаланың үздік өндірістік және IT алаңдарын аралады
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда Президенттің цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту жөніндегі тапсырмалары жүзеге асырылып келеді

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында шаһардың ірі кәсіпорындарының бірі «Caspian Beverage Holding» акционерлік қоғамының жұмысымен және MOST IT Hub Almaty инновациялық алаңымен танысты, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

1964 жылы құрылған Caspian Beverage Holding зауытында қала басшысы өндірістік үдерістер мен кәсіпорынның экологиялық бастамаларын көріп қайтты. Компания тәулігіне 500 мыңға дейін сусын бөтелкесін шығарады, 500 адамды жұмыспен қамтып отыр және жыл сайын шамамен 2 млрд теңге көлемінде салық төлейді.
 
Кәсіпорын орнықты даму технологиясын белсенді түрде енгізіп келеді. Соның бірі көмірқышқыл газын қайта өңдеудің тұйық циклі, бұл ауаға тарайтын зиянды шығарындыларды едәуір азайтуға мүмкіндік береді.


 
Дархан Сатыбалдының айтуынша, мұндай экологиялық жауапкершілігі жоғары өндірістер қаланың экономикалық дамуына және табиғатты аялауға негізделген «жасыл экономиканың» өркендеуіне елеулі үлес қосады.


 
Сапар барысында әкім MOST IT Hub Almaty – стартаптар мен технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға арналған заманауи инновациялық орталыққа барды. Хабта 80-нен астам IT-компания шоғырланған, олар инновациялық және ғылыми жобаларды жүзеге асырып келеді. Мұнда акселерациялық және білім беру бағдарламалары, венчурлық бастамалар мен жасанды интеллект зертханалары жұмыс істейді.
 
Кездесу барысында қала басшысы IT-саланы және жасанды интеллект технологияларын дамыту – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған негізгі басымдықтардың бірі екенін атады.

«Мемлекет басшысының цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында ең бастысы, стартаптарды ғана емес, өмір сапасын жақсартатын, Алматыны ақылды, ыңғайлы әрі қауіпсіз қалаға айналдыратын нақты шешімдерді енгізу. Біз қала мен тұрғындарға пайда әкелетін IT-жобаларды қолдауға дайынбыз», – деді Дархан Сатыбалды.

Әкімнің айтуынша, өнеркәсіп пен IT-сектор Алматының тұрақты дамуының негізгі қозғаушы күші. Олар жаңа жұмыс орындарын құрып, инвестиция тартып, мегаполистің технологиялық әлеуетін арттыруға жол ашады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы әкімі #өндірістік алаң #аралау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің еріктілері «Аяла» орталығында қайырымдылық акциясын өткізді

Бүгін 21:18

«Орталық Азия мұраты» монографиясы жарық көрді

Бүгін 18:31

Қазақстан прокатына «Пряники для её отца, моего прадеда, её деда» деректі фильмі шығады

Бүгін 18:14

Алмаша Аренова: Қазақстан мен Орталық Азияның стратегиялық әріптестігі жаңа жаһандық жағдайда айрықша мәнге ие

Бүгін 18:10

Қазақстанда балалар күніне 130 минут TikTok көреді

Бүгін 18:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі