AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда "Тасымалдаушы" жедел-профилактикалық іс-ш...

Алматыда "Тасымалдаушы" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Заң мен тəртіп 10.10.2025, 11:59 550 dulatbekova
Алматыда "Тасымалдаушы" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
Сурет: Polisia.kz

10-12 қазан аралығында Алматы қаласында жол-көлік оқиғаларының, жолаушылар тасымалы саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу және олардың алдын алу мақсатында "Тасымалдаушы" жедел-профилактикалық іс-шара өткізіледі, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz. 

Іс-шараның басты мақсаты – заңсыз тасымалдаушыларды анықтау, жолдардағы қауіпсіздік пен заңдылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ такси мен қалааралық тасымал қызметтерін пайдаланатын азаматтардың құқықтарын қорғау. Шараға көлік прокуратурасы, көлік бақылау инспекциясы, мемлекеттік кірістер органдары және "ҚазАвтоЖол ҰК" АҚ өкілдері тартылған. Бірлескен мобильді топтар қала көшелерінде және қаладан шығаберістерде рейдтік іс-шаралар өткізіп, автокөліктердің техникалық жай-күйін және рұқсат құжаттарының болуын тексеруде.

- Негізгі назар жолаушылар тасымалына аударылуда. Техникалық ақауы бар немесе қайта жабдықталған көліктердің пайдаланылуына жол бермеу, сондай-ақ заңсыз тасымалдаушыларды анықтау маңызды. Азаматтардың қауіпсіздігі мен заңның сақталуы – біздің басты басымдығымыз, – деді Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Полиция заңсыз тасымалдаушылардың қызметін пайдаланудың жол-көлік оқиғалары қаупін арттыратынын және жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін еске салады. "Тасымалдаушы" жедел-профилактикалық іс-шарасы мемлекет Басшысы жариялаған "Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру және "Профилактика жылы" аясында өткізіліп жатыр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция #тасымал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге төлем жасау қағидаларын жаңартты

Бүгін 15:33

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Алматыда мәдени-ағартушылық жұмысты күшейтпекші

Бүгін 14:40

Алматы әуежайында заманауи өнер көрмесі ашылды

Бүгін 14:13

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:33

Қостанайда ең ауқымды «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика