AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарының қорғалуы...

Балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарының қорғалуы басты назарда болуы тиіс - Оқу-ағарту министрі

Білім және ғылым 10.10.2025, 14:28 496 dulatbekova
Балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарының қорғалуы басты назарда болуы тиіс - Оқу-ағарту министрі
Сурет: Gov.kz

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру жүйесін дамыту жөніндегі тапсырмаларының іске асырылуы, сондай-ақ білім беру сапасын арттыру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Жиынға министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, өңірлік білім басқармаларының және аумақтық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің басшылары қатысты.

Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Әшіров «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясындағы мектептерді лицензиялау барысы, күрделі жөндеу жүріп жатқан мектептерде оқу процесін ұйымдастыру, Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының жүзеге асырылуы, Инфрақұрылымдық даму департаментінің директоры Әділбек Мұсабаев оқушыларды мектепке тасымалдауды ұйымдастыру жұмыстары туралы баяндады.

Министр Жұлдыз Сүлейменова әр өңір басшыларының есептерін де тыңдап, бұл бағыттағы жұмыстарды жетілдіруді тапсырды. Сондай-ақ балалар мен педагогтер үшін жайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру, бүгінгі сын-қатерлерге сәйкес білім сапасын арттыру және осы бағытта педагогтердің әлеуетін көтеру мемлекеттік білім беру саясатының басымдығы екенін атап көрсетті.

«Оқу жылының басынан балалар арасында орын алған құқықбұзушылықтардың көбеюі аса алаңдатарлық мәселе. Біздің негізгі міндетіміз, білім беру ұйымдарында әрбір баланың сапалы білім алуымен бірге, заң мен тәртіп қағидатының сақталуын қамтамасыз ету. Бұл бағытта балалармен тәрбиелік жұмыстар, ата-аналармен ынтымақтастық мазмұнды түрде күшейтілуі керек. Балалардың апатты ғимараттарда білім алуына жол берілмеуі, мектепке тасымалдауда олардың қауіпсіздігіне нұқсан келтірілмеуі тиіс. Бұл бүкіл білім беру жүйесі қызметкерлерінің ортақ міндеті», — деді министр Жұлдыз Сүлейменова.

Сондай-ақ, жиында тұрғындармен, ақпарат құралдарымен кері байланысты жолға қою мәселесі де көтерілді. Жиынды қорытындылай келе, министр ауылдық және шалғай елді мекендердегі балаларды мектепке тасымалдауды тиімді ұйымдастыру, баланың қауіпсіздігі мен құқықтарының қорғалуына бағытталған жұмыстарды күшейту және білім беру ісінің барлық қатысушылары үшін тиімділігін арттыру үшін олардың өтініштеріне жергілікті жерлерде жедел ден қоюды ұйымдастыру туралы білім басқармалары мен аумақтық департамент басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балалар қауіпсіздік #құқық #қорғау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге төлем жасау қағидаларын жаңартты

Бүгін 15:33

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Алматыда мәдени-ағартушылық жұмысты күшейтпекші

Бүгін 14:40

Алматы әуежайында заманауи өнер көрмесі ашылды

Бүгін 14:13

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:33

Қостанайда ең ауқымды «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика