Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда алғаш рет «Шежіре» жас отбасы форумы өтті

Алматыда алғаш рет «Шежіре» жас отбасы форумы өтті

Әлеумет 12.09.2022, 14:05 1,587
Алматыда алғаш рет «Шежіре» жас отбасы форумы өтті
Сурет: Ашық дереккөзі

Қазақта жеті атаны білудің маңызы зор


Алматыда алғаш рет «Шежіре» жас отбасы форумы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


«Бала деген аманат. Аманатқа қиянат жасамау керек». Осылай деген шараға қатысушылар балаларды тірі жетім етпей, толық отбасында өсіру керек. Ал ажырасқандары өз ұрпағынан қол үзбеуі қажет екенін айтты. Сондықтан форумда отбасы институтын дұрыс қалыптастырудың жолдары талқыланды. Айта кетейік, елімізде өткен жылы 48 мыңнан аса адам ажырасыпты. Статистиканы баса назарға алған сарапшылар жаңадан отау құрған отбасыларды демеп, ерлі-зайыптылар арасындағы мәселелерді қалай шешуге болатынын көрсетті.



«Күйбең тірлікте көп нәрсе ұмытылып, «Отбасы күні» мерекесіне мән де бермейміз. Бірақ өмірдің мәні – осы жанұя екенін ұмытпауымыз керек. Форумдағы келгендердің арасында көпбалалы, жалғызбасты аналар, ажырасқан әкелер бар. Олар өз бастарынан өткен қиындықтарды, оны қалай жеңгендерін бөлісті. Жұмыс істеп, кәсіп жүргізіп жүріп те жақсы ата-ана, аяулы жар болуға болады. Соны тәжірибе ретінде көрсеткіміз келді. Солардың тағдырын естіп, өмірінен сабақ алып, қателіктерін жасамауға сеп болсын деген ниет бар», – деді  «Әкелер одағы» РҚБ мүшесі Әлихан Мұсатаев.



Форумның «Шежіре» деп аталуы бекер емес. Өйткені қазақта жеті атаны білудің маңызы аса зор. Сондықтан басқосуға келушілерге ата текті айқындайтын туындылар көрсетілді. Жиынға қатысқандар соңғы уақытта шежіреге қызығатындардың қатары артқаны қуантады дейді.



«Біздің қазақта шежіре арқылы отбасылық құндылық сақталған. Ол туғаннан бастап жеті атасын айнытпай көбейту кестесіндей міндетті түрде қайталатып отырған. Генетиктердің айтуы бойынша, бұл өте мықты дүние. Тұқым қуалайтын ауру болмауы үшінпрофилактикасы ретінде  жеті атаға дейін қыз алыспау салтын айтып жүр. Сондықтан шежіренің түбіне келгенде бұл біріншіден, ата-бабамызға құрмет. Екіншіден, қан тазалығы», – деді кәсіпкер Нұргүл Әміре.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#шежіре #отбасы #форум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық оқушы БҰҰ-ны бағындырды: ауадан ауыз су және әлемдік мойындау

Бүгін 10:21

Ерекше баланың анасына еңбек өтілі жазылады

Бүгін 10:15

Тоқаев Израиль Президентін құттықтады

Бүгін 09:40

Алматыда «ЭКСТРИМ» цирктік шоуы көрерменге жол тартты

Бүгін 09:27

Алматыда бүгіннен бастап екі автобустың қозғалысы өзгереді

Бүгін 09:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика