Өткен айда Алматыда баспана көп сатылды

Өткен айда Алматыда баспана көп сатылды Сурет: Ашық дереккөзі

Мәміле саны ең аз болған өңір – Ұлытау облысы


2022 жылғы тамызда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша мәмілелер саны 35 686  құрады және 2022 жылдың шілде айымен салыстырғанда 17,4% өсті. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.


Ведомствоның хабарлауынша мәмілелердің саны бойынша Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары көш бастап тұр, тиісінше 6 392 және 6 389 шарт.


«Мәміле саны ең аз болған өңір – Ұлытау облысы – 412. Тамыз айындағы ең үлкен төмендеу Шығыс Қазақстан (-37,5%) және Алматы (-25%) облыстарында орын алды, бұл аймақтардың бөлінуіне байланысты болды. Бұл ретте, Қарағанды облысында мәмілелердің саны небәрі – 5,7% құрады, бұл мәмілелер саны бойынша облыстың жетекші позицияда болғанымен түсіндіріледі.


Мәмілелердің 74,3% көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша жасалған, сатылымдағы жеке үйлердің үлесі қалған 25,7% құрады. Жыл басынан бері алғаш рет бір бөлмелі пәтерлер бойынша жасалған шарттар саны екі бөлмелі пәтерлер сұранысынан асып түсті, тамызда 9 789 бір бөлмелі пәтер рәсімделген. Ол бойынша ең көп мәмілелер Нұр-Сұлтан (2 888) және Алматы (2 687) қалаларында жасалған.


2022 жылғы шілде айымен салыстырғанда жеке үйлер бойынша мәмілелер санының төмендеуі ШҚО (-46,6%), Алматы облысы ( -24,6%)  және Ақтөбе облыстарында (2,4%) сақталды. Керісінше, алып-сату шарттарының өсуі Нұр-Сұлтан (+25,3%) және Алматы қалаларында тіркелді», - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:31

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36