AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 150 мыңнан астам оқушы смартфон арқылы пр...

Алматыда 150 мыңнан астам оқушы смартфон арқылы программалауды үйренуде

Әлеумет 19.02.2025, 14:28 1,027 dulatbekova
Алматыда 150 мыңнан астам оқушы смартфон арқылы программалауды үйренуде
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда 150 мыңнан астам мектеп оқушысы CodiPlay білім беру платформасының көмегімен смартфон арқылы программалау тілдерін меңгеруде.

Бұл туралы CodiPlay компаниясының Қазақстандағы кеңсесінің директоры Алияр Кадикенов Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Оның айтуынша, жоба қаладағы 117 мектепті қамтып, жастардың цифрлық технологияларға деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетуде. Оқушылар 1-сыныптан бастап өз бетімен «шлагбаум» және «жол бағдаршамы» сынды жобаларды жасап, өз еңбектерінің нәтижесін интерактивті құрылғылар түрінде бақылай алады.

CodiPlay – 2021 жылы құрылған қазақстандық білім беру платформасы. Бүгінде бұл жоба Қазақстанмен қатар, шетелде де танымал болып, әлем бойынша 1 миллионнан астам қолданушыны қамтып отыр. Платформа Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктері мектептерінің оқу бағдарламасына енгізілген. 2024 жылы Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдарға CodiPlay жобасын мектептерде кеңінен енгізу туралы тапсырма берді. Бұл бастама оқушылардың цифрлық дағдыларын тиімді түрде дамытуға бағытталған.

Алияр Кадикеновтің айтуынша, CodiPlay платформасында оқитын алматылық оқушылардың цифрлық сауаттылық деңгейі айтарлықтай жоғары.

«Балалар цифрлық ортаға тез бейімделіп, платформаның интерфейсін оңай меңгереді және программалауға қызығушылық танытады. CodiPlay: логика мен алгоритмдердің негіздерінен бастап, жеке жобаларды жасауға дейін оқытудың қадамдық жүйесін ұсынады: . Бұл әрбір оқушыға, оның дайындық деңгейіне қарамастан, материалды сәтті игеруге мүмкіндік береді», – деді ол.


Өз кезегінде, CodiPlay мемлекеттік қызметтермен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры Нұрғали Тұрымбетов жобаның басты мақсаты IT-мамандарын ғана даярлау емес екенін атап өтті. Жобаның негізгі міндеті – балаларды цифрландыру дәуіріне бейімдеу, өйткені бүгінгі таңда цифрлық дағдылар өмірдің ажырамас бөлігіне айналуда. Программалау – логикалық және креативті ойлауды, мәселені шешу және технологиямен жұмыс істеу қабілетін дамытатын құрал.

«Алматы оқушыларының программалауға деген қызығушылығы жоғары және олар әртүрлі. Біреулер үшін бұл – өз идеяларын жүзеге асыру мүмкіндігі, мысалы: ойындар немесе анимациялар жасау. Ал басқалары үшін – цифрлық әлемнің қалай жұмыс істейтінін тереңірек түсінудің жолы», – деді Тұрымбетов.

Қазақстан Президенті қойған жыл сайын 1000 жоғары деңгейлі IT-маман даярлау міндеті аясында CodiPlay сияқты EdTech жобаларының дамуы ерекше маңызға ие болып отыр. Компанияның пікірінше, білім беру технологиялар нарығындағы бәсекелестік шешімдердің сапасын арттыруға ықпал етеді.

«Білім беру өнімдері неғұрлым көп болса, бәсекелестік соғұрлым жоғары болады, ал бұл өз кезегінде ең мықты және сапалы шешімдердің өміршеңдігін қамтамасыз етеді», – деп атап өтті Тұрымбетов.

CodiPlay сапалы контент пен тиімді оқыту әдістерін әзірлеуге басымдық беріп, оқушыларға IT-негіздерін үйретіп қана қоймай, оларды цифрлық әлемде табысты мансапқа дайындауға көмектесуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #смартфон #программалау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);