AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы тұрғындарына балалардың демалысын қалай қау...

Алматы тұрғындарына балалардың демалысын қалай қауіпсіз ұйымдастыру керек - дәрігер кеңесі

Әлеумет 07.06.2023, 09:27 907 Almaty-akshamy.kz. 
Алматы тұрғындарына балалардың демалысын қалай қауіпсіз ұйымдастыру керек - дәрігер кеңесі
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Жазғы демалыс қыза түсті. Ауа райының ашық тұруы балалардың көп уақытын үйден гөрі сыртта: жағажайда, спорттық алаңдарда өткізулеріне және қала көшелерінде жай серуендеулері үшін жақсы мүмкіндік. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, осы кезеңде балалардың жарақат алу жағдайлары жиілейді. Мектеп оқушыларына жазда қандай қауіп бар және оның алдын қалай алуға болатынын ӨКҚ алаңында Алматы қаласының «Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының» қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мейіржан Құрманалиев айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Балалар жарақатына қатысты статистика жаға ұстатарлық – жыл басынан бері Алматы дәрігерлеріне 42 069 бала жүгінген. Өткен жылы бұл көрсеткіш 80 мыңнан асқан болатын. 


Көбіне төменгі сынып оқушылары жиі жарақаттанып қалады. Балалар самокаттан, велосипедтен, әткеншектен құлап қалулары мүмкін. Кейде үй жағдайында тұрмыстық жарақат алып жатады. Мұндай көрсеткіш 44%-ға тең. Ал көшеде балалардың 35%-ы жарақаттанады.


Балалардың жарақаттануына жиі себеп болатын жағдайлар ретінде сарапшы ересектердің жауапсыздығын және балалардың қараусыз қалуын, балалардың тәртіпсіздігін, қайғылы жағдайлар мен басқа да себептерді атады. 



«Бұл жерде де ата-аналардың ролі маңызды. Олар балалармен сөйлесіп, қарапайым қауіпсіздік ережелерін түсіндірулері керек. Демалыс кезінде бала күннің көп бөлігін таза ауада өткізеді. Сол себепті оған міндетті түрде көшеде қауіпсіз жүру ережелерін үйреткен жөн. Ойын кезінде кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаған дұрыс. Қаламызда жылдам қарқынмен дамып жатқан балалар алаңдары, демалыс аймақтары көп. Өкінішке қарай, көптеген ата-аналар осыған мән бермейді. Қабылданған қауіпсіздік шараларына қарамай, балалар ата-аналарының жауапсыздығынан көптеген жарақаттармен түсіп жатады», - деп бөлісті дәрігер. 



Мейіржан Құрманалиев ересектерге жол қозғалысы ережелерін сақтау туралы балаларға жиі айтып, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар өткізуді, дәрі-дәрімекті балаларға қолжетімсіз жерге қоюды, балаларды ешқашан жағада және суда қараусыз қалдырмауды, ыстық ауа райында балаларға бас киім киюді және оларды күннен қорғауға кеңес береді. Ата-аналар балаларына тез тұтанатын, тесетін, кесетін, жарылғыш және атыс қаруының не екенін және олардың қандай қауіп төндіретінін түсіндіруге міндетті.


Балаларға қиын жағдайға тап болғанда, олар  ата-анасына ғана емес, жедел қызметтерге де қоңырау шала алатындарын айтып, түсіндіру керек. Бұл қызметтердің телефон нөмірлерінің тізімі үйде ең көрінетін жерде орналастырылуы керек. Бұл сандарды бала жатқа білсе, тіпті жақсы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дәрігер #қаіпсіз #демалыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);