Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматы мектептерінде 600 –ден астам жасөспірім қыз...

Алматы мектептерінде 600 –ден астам жасөспірім қыз вакцинацияланды

Медицина 16.01.2025, 10:46 1,077
Алматы мектептерінде 600 –ден астам жасөспірім қыз вакцинацияланды
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы Онкологиялық орталығының онкогинекология бөлімшесінің меңгерушісі Райхан Болатбекова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте АПВ-ға қарсы ерте диагностикалау мен вакцинациялаудың маңыздылығы туралы айтып берді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Оның айтуынша, Қазақстанда жатыр мойны обырын скринингтен өткізудің ұлттық бағдарламасы бар, ол 30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдерге цитологиялық зерттеуді пайдалана отырып жүргізіледі.  2024 жылдың қыркүйегінен бастап мектептерде ата - аналарының келісімімен жасөспірім қыздарды вакциналау бағдарламасы басталды. 30 қыркүйек пен 14 қаңтар аралығында Алматы мектептерінде 600 –ден астам жасөспірім қыз вакцинацияланды.

АПВ вакцинасы көбінесе жатыр мойны обырын тудыратын вирус түрлеріне бағытталған. Жүргізілген зерттеулер вакциналар ұзақ мерзім қорғайтынын көрсетті. Зерттеулерде вакцинаны енгізгеннен кейін 10 жыл ішінде вакциналардың иммуногенділігі төмендемегені дәлелденді. ДДСҰ бұл вакцинаны қауіпсіз және тиімді деп мақұлдады.

Жатыр мойны обыры (ЖМО) әйелдер арасында жиі кездесетін онкологиялық аурулардың бірі болып отыр, дейді спикер. Халықаралық қатерлі ісіктерді зерттеу агенттігінің (юмәліметтері бойынша, әлемде 2020 жылы бұл аурудың 604 000 жаңа жағдайы тіркелді, бұл белсенді профилактиканың қажеттілігін көрсетеді. Республикада ЖМО онкологиялық аурулар бойынша екінші орында, жыл сайын 2000-нан астам жаңа жағдай тіркеледі.

Жатыр мойны обырының дамуының негізгі себебі-адам папилломавирусы. Аурудың 97% - ы осы вируспен байланысты. Райхан Болатбекованың айтуынша, «ЖМО ерте анықтау және АПВ алдын алу аурудың даму қаупін айтарлықтай төмендетуі мүмкін». Алматыда 2024 жылы жатыр мойны обырының 206 жағдайы анықталды. Ауру негізінен репродуктивті жастағы әйелдерге әсер етеді,  40-44 жастағы әйелдер арасында көбірек кездеседі.

«Вакцинациямен қамтамасыз етілген ұзақ мерзімді қорғаныс денсаулық үшін ең ұтымды жол», – дейді дәрігерлер. Осылайша, Алматы Онкологиялық орталығының онкогинекология бөлімшесінің меңгерушісі Райхан Болатбекова атап өткендей, вакцинация және скрининг бағдарламаларын енгізу еліміздегі жатыр мойны обырымен сырқаттанушылық жағдайын едәуір жақсартып, Қазақстан әйелдері үшін қауіпсіз болашақ жасай алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жатыр мойны обыры #Вакцинация #ерте диагностикалау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Блогер Қайсар Хамза Вьетнамда ұсталды

Бүгін 21:11

Қарағанды мемлекеттік қызметшілері «Кітап оқитын ұлт» жобасында жоғары кітап оқу мәдениетін көрсетті

Бүгін 21:02

Алматыда ірі аяқталмаған құрылыс нысаны сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 18:01

Америкалық авто-саяхатшы әрі блогер Connor Қазақстанға тәнті болды

Бүгін 17:29

Алматыда Сәтбаев көшесінде жүргіншілерге арналған проекциялық жарықтандыру орнатылды

Бүгін 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика