ffin.kz

Ахмет Байтұрсынұлы мұражайы – ұлт мұрасын дәріптейтін орталық

Ахмет Байтұрсынұлы мұражайы – ұлт мұрасын дәріптейтін орталық almaty-akshamy.kz

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдер күні. Бұл күн елімізде тұратын түрлі этнос өкілдерінің мәдениеті мен тіліне деген құрмет белгісі ретінде атап өтілетін мереке. Сонымен қатар, дәл осы күні қазақтың көрнекті ақыны, әдебиет зерттеушісі, ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күні тойланады. 

Ахмет атамыздай тұлғалар бір ғасырда бір туатын асыл азаматтар десем, қателеспеймін. Ол қазақ халқының ертеңін ойлап, тіліміз бен діліміздің жоғалмауын қалаған тұлға. Қазақ халқы үшін атқарған еңбегі ұшан-теңіз.

ҚазҰУ-дың бірінші курс студенті және болашақ тіл маманы ретінде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мұражайға және оның ескерткішіне гүл шоқтарын қоюға бардық. Бұл сапар өте әсерлі әрі тағылымды болды. Қазақстан тарихына, тәуелсіздік жолындағы күрескерлердің ерліктеріне және мәдени мұраға қызығатын жандар үшін мұражайдың маңызы зор. Ахмет Байтұрсынұлы мұражайы көрнекті көшбасшының өмірі мен қызметі арқылы Отанымыздың тарихымен тереңірек танысуға мүмкіндік береді. Оның жеке заттары, өз қолымен қолданған жолсандығы, самаурыны және құжаттары ерекше назар аудартады.

Мен үшін ең қызықтысы – Ахмет атамыздың жазуы болды. Жазуы соншалықты көркем, тіпті каллиграфия өнерімен шұғылданғандай көрінді. Алаш арысының барлық ісі мінсіздей көрінеді! Мен үшін Ахмет атамыз – мінсіз адам. Оның ақыл-парасаты, елге адал қызмет етуі, зиялылармен бірге елінің болашағы үшін күресуі мақтанарлық қасиеттер.

Тағы бір қызық дерек – Ахмет Байтұрсынұлының отбасы 1933-1937 жылдары осы үйде тұрғаны айтылады. 1988 жылы ол ақталғаннан кейін, бұл ғимарат тарих және сәулет ескерткіші ретінде танылып, 1993 жылы мұражай ретінде ашылды. Ахмет атамыздың елі үшін атқарған істерінің бірі – 1917 жылғы революция кезінде қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғап, Алаш қайраткерлерінің тобын басқарғаны. Ол қазақтың рухани көшбасшысы болды.

Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт болашағын ойлаған дана, дара тұлға. Оны ұмытпау, әрі қарай дәріптеу – біздің міндетіміз. Мұны әрдайым есте сақтауымыз керек.

Қуанышқызы Жадыра, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология факультетінің1 курс студенті.
Сымбат Игілікқызы, PhD,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
6
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32