AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі...

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі – ел дамуының тірегі

Әлеумет 22.10.2025, 10:08 1,086
 Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі – ел дамуының тірегі
Сурет: pexels.com

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі – мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктерді атқару жөнiндегi қызметi екені белгілі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі – мемлекет пен қоғам арасындағы байланыстырушы негізгі тұлға. Олар елдің дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға және мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға жауапты азаматтар болып табылады.

Мемлекеттік қызмет – бұл тек жұмыс орны ғана емес, үлкен жауапкершілік пен халыққа адал қызмет етудің үлгісі. Мемлекеттік қызметші өз ісінде кәсібилікті, әділдікті, ашықтықты және адалдықты басты қағида ретінде ұстануы қажет.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында мемлекеттік қызметтің келесі негізгі принциптері нақты айқындалған.

1) заңдылық;

2) қазақстандық патриотизм;

3) мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы;

4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдығы;

5) мемлекеттік органдар қызметіндегі тиімділік, нәтижелілік, ашықтық;

 6) азаматтардың мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуге тең құқығы;

 7) азаматтардың мемлекеттiк қызметке кiруiнiң ерiктiлiгi;

8) мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiбилiгi;

9) меритократия – мемлекеттік қызметшінің еңбегі мен қабілетіне қарай өсуі;

10) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өз өкiлеттiктерi шегiнде қабылдаған шешiмдердi орындаудың мемлекеттік қызметшілерi үшiн мiндеттiлiгi;

11) мемлекеттiк қызметшiлердiң бақылауда болуы және есептiлiгi;

12) мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдық мiндеттерiн орындамағаны үшiн жеке жауаптылығы;

13) әдептілік;

14) құқық бұзушылықтарға төзбеушілік;

15) мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын қызметтi қоспағанда, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;

16) мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы;

17) мәнi бiрдей жұмыстарды орындағаны үшiн еңбекақыны тең төлеу;

18) мемлекеттiк қызметшiлердi мінсіз мемлекеттік қызметі үшiн көтермелеу;

19) мемлекеттік қызметшілерді оқытудың және қажетті құзыреттерін дамытудың үзіліссіз болуы;

20) мемлекеттік қызметшілерді біліктілігін арттырудың практикалық бағдарлануы қағидаттарына негізделеді.

Бүгінгі таңда елімізде мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту, цифрландыру, халықпен тиімді байланыс орнату бағытында көптеген реформалар жүзеге асуда. Бұл өзгерістердің басты мақсаты – халықтың сеніміне ие, ашық әрі тиімді мемлекеттік аппарат қалыптастыру.

Мемлекеттік қызметшінің басты міндеті – ел игілігі үшін еңбек ету, халықтың мүддесін қорғау және қоғамда әділдік орнату. Әрбір қызметші өз ісінің нәтижесі арқылы мемлекет беделін көтеруге үлес қосады.

Сондықтан да мемлекеттік қызметші болу – зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік. Ел тағдырына бейжай қарамайтын, Отанына адал, кәсіби және ізгілікті азаматтар ғана бұл жолды таңдай алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мемлекеттік қызметші #кодекс #жауапкершілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);