Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше өңірде еске...

Қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Өмір-өзен 22.10.2025, 10:38 439
Қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Сурет: pibig.info

22 қазанда еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе және басқа да өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Сонымен қатар бірнеше облыста тұман түсіп, кей жерлерде екпінді жел соғуы мүмкін.

Маңғыстау облысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда жоғары өрт қаупі бар.

Атырау облысында солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда түнде және таңертең тұман түседі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.

Абай облысының солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда жоғары өрт қаупі бар.

Ақтөбе облысында оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында және Талдықорғанда түнде 1-3 градус үсік жүреді.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Павлодарда түнде және таңертең тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігнде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Петропавлда түнде және таңертең тұман болады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #болжам #Ескерту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

116 жастағы Түймегүл әже көп жасаудың сырын айтты

Бүгін 11:35

Тағы 1,8 мыңға жуық адам Таяу Шығыстан Қазақстанға оралды

Бүгін 11:02

Жаңбыр, көктайғақ пен тұман: 8 наурызда ауа райы қандай болады?

Бүгін 10:20

Тоқаев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Бүгін 08:04

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жас ғалымдарға баспана сыйланды

Кеше 22:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі