AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда астық тасымалдау көлемі 40%-ға артты

Қазақстанда астық тасымалдау көлемі 40%-ға артты

Әлеумет 22.10.2025, 10:25 505 dulatbekova
Қазақстанда астық тасымалдау көлемі 40%-ға артты
Сурет: Gov.kz
 
 

2025 жылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда астық жүктерін тасымалдау көлемі 9,5 млн тоннаны құрады.

 Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40%-ға артық (2024 жылы – 6,8 млн тонна), - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Жалпы көлемнің 7,3 млн тоннасы экспортқа жөнелтілді (+43%), ал 2,2 млн тоннасы ішкі бағыттар бойынша тасымалданды (+33%). Барлық негізгі бағыттарда тұрақты оң динамика байқалады.

Атап айтқанда, 2,2 млн тонна жемшөп тасымалданды. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 4,6 есе артық. Бұл өңдеу саласының дамуын және қосылған құны жоғары тауарлар өндірісінің ілгерілеуін көрсетеді.

Орталық Азия елдеріне (Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан) тасымалдау көлемі 34%-ға артты. Ақтау және Құрық порттары арқылы Иран бағытына тасымалдау қайта жанданып, 3,3 есе өсіп, 0,7 млн тоннаны құрады. Ауғанстанға жеткізу көлемі 40%-ға өсіп, 179 мың тоннаға жетті.

Экспорттың өзге бағыттары бойынша да айтарлықтай өсім байқалады:

• Ресей – 4,2 есе (1,7 млн тонна);

• Әзербайжан – 108 есе (542 мың тонна);

• Балтық елдерінің порттары – 14 есе (606 мың тонна);

• Ресейдің Балтық елдеріндегі порттары – 2,4 есе (132 мың тонна);

• Қара теңіз порттары – 1,4 есе (256 мың тонна).

Қазақстан сондай-ақ жаңа экспорттық бағыттарды ашты. Олардың қатарында Африка елдері (Марокко, Алжир), Вьетнам және Еуропалық Одақ мемлекеттері бар.

Астық жүктерін тасымалдау жұмысын үйлестіру және мәселелерді жедел шешу үшін Көлік министрлігіне қарасты жедел штаб жұмыс істейді. Оның құрамына Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «KTZ Express», «Астық Транс», «Продкорпорация» ҰК, Қазақстан астық одағы, сондай-ақ Ақтау және Құрық порттарының өкілдері кіреді.

Штаб өзекті мәселелерді қарап, астықты үздіксіз тасымалдауды және саланың жоспарлы көрсеткіштерін орындауды қамтамасыз ету мақсатында шаралар қабылдайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #астық тасымалдау #көлем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:33

Қостанайда ең ауқымды «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді

Бүгін 12:17

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер ұрпақтар арасындағы байланысты күшейтуге қалай атсалысып жүр

Бүгін 11:31

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер қоғамдық келісімді нығайтуға атсалысып жатыр

Бүгін 11:27

ЖИ егіс алқаптарына да жетті

Бүгін 11:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика