Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / АЭС Қазақстан ғылымының дамуына оң әсер етеді – ға...

АЭС Қазақстан ғылымының дамуына оң әсер етеді – ғалым

АЭС: Референдум 10.09.2024, 12:00 2,114
АЭС Қазақстан ғылымының дамуына оң әсер етеді – ғалым
gov.kz

Satbayev University-дің жалпы физика кафедрасының оқытушысы, Жапонияда білім алған Дидар Шоқов атом электр станциясын салуды қолдайды, деп хабарлайды aqshamnews.kz 

– 2011 жылдан кейін Жапония атом энергетикасы бойынша ең қатаң қауіпсіздік стандарттарын енгізді. Бұл стандарттар әлемдегі ең қауіпсіз болып саналады. Осыған байланысты Қазақстан олардың тәжірибесін толықтай пайдалана алады, – деді ғалым.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін маман сенімді жеткізушілер мен серіктестерді дұрыс таңдаудың маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, АЭС құрылысына кем дегенде он жыл қажет болады.

– Менің ойымша, атом электр станциясы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін арттырады. АЭС – дұрыс пайдаланылған жағдайда өте сенімді және қауіпсіз нысан, әрі болашағы зор энергия көзі. Әрине, басқа да станциялар сияқты оның да өз кемшіліктері бар, бірақ артықшылықтары басымырақ, – деп атап өтті Дидар Шоқов.

Ғалым АЭС-ті ЖЭО-мен салыстыра отырып, алғашқысының экологиялық артықшылықтарына тоқталды.

– ЖЭО қоршаған ортаны қатты ластайды. АЭС-тің де өз ластау көздері бар, бірақ олар негізінен ядролық отын қалдықтарына қатысты. Бүгінгі ғылым бұл қалдықтарды оқшаулап, сақтауды жақсы меңгерген. Ал ЖЭО-дан шығатын шаң мен газдармен әлі күресудің тиімді әдісі табылған жоқ. Ядролық қалдықтардың экологияға ғаламдық әсері жоқ, – деп санайды ол.

Дидар Шоқовтың пікірінше, АЭС құрылысы Қазақстанға кем дегенде 10-15 миллиард доллар инвестиция тартады. Егер шетелдік компаниялар құрылысқа қатысса, бұл көптеген жаңа жұмыс орындарын ашады.

– Құрылыс пен пайдалану үшін бірнеше мың білікті маман қажет болады. Бұл Қазақстан ғылымына да оң әсер етеді. Ұзақ мерзімді перспективада бұл жоба еліміздің әртүрлі салаларына көптеген оң әсерін тигізеді, – деп қорытындылады ғалым.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АЭС #Қазақстан #референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Бүгін 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Бүгін 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Бүгін 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика