Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / АЭС елдің инвестициялық тартымдылығына үлкен әсері...

АЭС елдің инвестициялық тартымдылығына үлкен әсерін береді

АЭС: Референдум 10.09.2024, 11:25 1,556
АЭС елдің инвестициялық тартымдылығына үлкен әсерін береді
Сурет ЖИ көмегімен салынды

Көпшілік жұрт атом реакторларын қауіпті деп ойлайды. Іс жүзінде атом электр станциялары, әсіресе, Қазақстанға ұсынылып отырған су-сулы энергетикалық реакторлар әлемдегі ең қауіпсіз реакторлар болып есептеледі. Қазіргі таңда әлемде 415 реактор жұмыс істеп тұрса, соның 250-ге жуығы осы су-сулы реакторлар. Оның үстіне қазіргі 3+ ұрпақтағы АЭС-терде активті және пассивті өзара бірін-бірі қайталайтын қауіпсіздік жүйелері бар. Ғылыми есептер бойынша белсенді аймақтарда АЭС-терде қандай да бір ауыр апаттың болуы ықтималдығы өте төмен. Айталық, 10 миллион жылда бір рет деп есептеледі, бұл өте төмен ықтималдылық.

Сонымен қатар, қарапайым азаматтар арасында АЭС болған жерде одан кемінде 50 шақырым аумақта өмір сүруге болмайды, радиация тарайды деген қате түсінік бар. Шын мәнінде, қазіргі заманғы 3+ ұрпақ атом реакторларындағы санитарлық қорғау аймағы тек АЭС алаңымен ғана шектеледі. Яғни, АЭС аумағынан 3 шақырымнан тысқары аумақ радиациялық қауіпті аймақ болып саналмайды.

Егер алдағы референдум оң шешімін тауып жатса, АЭС салу елімізге үлкен мультипликативті әсер береді. Бұл дегеніміз елімізге жаңа, бұрын болмаған ауқымды ядролық технологияның келуі. Бұл – Қазақстанды әлемдегі ядролық технологиясы бар 32 елдің қатарына қоспақ. Сонымен қатар, АЭС-тің 10–12 жылдық құрылыс барысында 8000–10000 адамға дейін жұмыспен қамти алады, әрі бүкіл жоба барысында 2-3 млрд АҚШ доллары салық ретінде елімізге түседі. Жоба аяқталғаннан кейін де 2 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны пайда болады.

АЭС елдің инвестициялық тартымдылығына үлкен әсерін береді. Көпке мәлім, ірі инвесторлардың басты талаптары қашанда тұрақты энергия көзі. АЭС бұл талаптың сенімді кепілі бола алады және экологиялық тұрғыда барлық талаптарды қанағаттандырады.

Әрине, еліміздің энергетикалық тәуелсіздігі тұрғысынан да көптеген тиімділіктерін айтуға болады. АЭС ең алдымен тұрақты энергия көзі болғандықтан, бұл өндіріс пен тұрмыс үшін маңызды. Қазір Қазақстан 2,6 млрд КВт/сағат электр энергиясын көрші елдерден импорттап отыр. Электр энергиясына деген тапшылық халық санының, экономика мен өндіріс орындарының ұлғаюына байланысты жыл сайын өсе беретін болады. Көмірмен жұмыс істеп тұрған станцияларымыздың 70 пайызы тозған. Егер біз тұрақты генерация көзін жасамасақ, бұл түбі экономикамызға кері әсерін тигізеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АЭС #референдум #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Бүгін 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Бүгін 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Бүгін 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика