Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Абай университетінде дәстүрлі Ғылым апталығының аш...

Абай университетінде дәстүрлі Ғылым апталығының ашылу салтанаты өтті

Білім және ғылым 07.04.2025, 18:32 1,058
Абай университетінде дәстүрлі Ғылым апталығының ашылу салтанаты өтті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Абай Құнабайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында дәстүрлі Ғылым апталығының ашылу салтанаты өтті.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында: «Біз ғылымды дамытуда, соның ішінде қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін көп жұмыс істеп жатырмыз. Ғылыми жаңалықтарды коммерцияландыруға, ғылым мен өндірістің байланысын күшейтуге баса мән беріліп отыр», - деп атап өткендей, бүгінде әлемнің алдыңғы қатарлы елдері ғылым саласының дамуына басымдықтар беріп отыр. Ал ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарын автономды бағытқа бұруы және оқу орындары жанынан ғылыми-зерттеу орталықтарының құрылуы ғылымды дамытуда негізгі күшке айналды. 

 

Аталған бағытта ұйымдастырылған іс-шараға университет басшылығы, факультет декандары, профессорлық-оқытушылар құрамы және жас зерттеушілер кеңесі мен ғылыми қызметкерлер, белсенді студент жастар қатысты.

 

Шараның ашылу салтанатында алғы сөз сөйлеген университет Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп апталықтың ашылуы ұлы ақын, ағартушы, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп  отырғандығын айта келе, Абай шығармаларының басты идеологиялық қазығы – «Қалың елі, қайран жұрты қазағының» бойындағы кемшіліктерді жойып, ғылым-білімді меңгерген, «ақыл, қайрат, жүректі» бірдей ұстанған, «бес нәрседен қашық, бес нәрсеге асық» болған, береке-бірлігі жарасқан, ой-өрісі дамыған халқының болашағы, тәлім-тәрбиесі, ғылым-білімі екендігін атап өтті.

 

- «Еліміздегі жоғары оқу орындарының алдында үлкен міндет тұр - университеттік ғылымды дамыту. Әрине, ғылым бір күндік, бір айлық, бір апталық, бір жылдық мәселе емес. Ол университетіміздің күнделікті жұмысындағы - үлкен әлеует. Университетіміз бүгінде ғылым кеңістігінде өзіндік орнын нақтылады. Білім және ғылым саласында бірқатар жетістіктерге қол жеткізіп, биік белестерді бағындыруда. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын Ғылым апталығының әр жылда бір өзіндік ерекшелігі бар. Биылғы апталықтың ашылуы ұлы ақын, ағартушы, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан Ғылым апталығын ұлы Абайдың 180 жылдығына арнайы арнап отырмыз. Одан бөлек,  университетімізде соңғы бір жылда жасақталған ғылыми-инновациялық парк ашылғалы отыр. Бұл парктың аясында бірнеше жаңа зертханалар жұмысын бастайтын болады. Мұнда болашақ педагогтер мен зерттеушілер цифрлық оқыту әдістерін меңгеріп, инновациялық жобалармен айналыса алады. 100 жылдық тарихы бар университетіміздің ғылыми потенциалы, әлеуеті өте жоғары. Біздің қазіргі міндетіміз әрі мақсатымыз осы потенциалдың сабақтастығын сақтай отырып,  одан әрі дамыту. Бұл әрине, ең бірінші кезекте жас ғалымдарды қолдау мәселесіне тікелей тәуелді. Сондықтан да, биылғы Ғылым апталығында білім алушылардың ғылымдағы талпыныстарына қолдау көрсету, оларды ғылыми ізденістерге қызықтыру мақсатында апталық аясында 120-ға жуық үлкенді-кішілі іс-шара жоспарланды.  Бұл шаралардың әрқайсысы бізге өте маңызды. Оның ішінде халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар, жас ғалымдар арасындағы байқаулар, семинарлар мен тренингтер, шетелдік сарапшылардың дәрістер сериясы, Ted форматындағы кездесулер бар. Осы тұста Абай Университетінің жанынан ашылған «Abai Labs» ғылыми-инновациялық паркіне қарасты лабораториялардың да қарқынды жұмыс істеп жатқандығын айтып өтуге болады. Бүгін осы салтанатты шараның жалғасы ретінде  «Abai Labs» ғылыми- инновациялық паркінен жаңа зертхананың ашылу салтанаты өтеді», - деді ректор.

 

Іс-шара барысында «Abai Labs» ғылыми-инновациялық паркіне қарасты «Білім берудегі VR/AR технологиялары» ғылыми зертхананың ашылу рәсімі өтті. Бұл заманауи білім беру технологияларын дамытуға бағытталған маңызды қадам. Зертхана жаңа буынды виртуалды және толықтырылған шынайылық технологияларын білім беру үдерісіне енгізуге арналған. 

 

Одан бөлек, ҚР ҰҒА академигі Мәмбет Қойгелдиевтің ғылыми жетекшілігімен даярланған 12 томдық «Алашорда ісі. 1920 - 1940 жж. Құжаттар мен материалдар» жинағының  тұсау кесері, Абай Құнанбайұлының  180 жылдығына орай «Абай мұрасы - руханият қазынасы» ғылыми семинары, Abaı Innovation Fest: Инновациялық жобалар мен стартаптар көрмесі және тағы басқа ғылыми,  әдістемелік  семинарлар мен дәрістер өтті.  

 

 

Айта кетейік, оқу орнының ғылыми әлеуетін дамыту мақсатындағы іс-шаралар легі 14 сәуірге дейін жалғасып, апталық аясында 120-ға жуық іс-шара ұйымдастырылады. Олардың қатарында шетелдік және отандық жоғары оқу орындары ғалымдары мен ізденушілерінің қатысуымен түрлі бағыттағы жиындар, халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар, жас ғалымдар арасындағы байқаулар, семинарлар мен тренингтер, шетелдік сарапшылардың дәрістер сериясы, Ted форматындағы кездесулер бар.

 

   

Баспасөз қызметі

Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім #Ғылым #Абай - 180
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда кенеге қарсы күрес жүріп жатыр: мамандар осы жолы 2,3 мың гектар жерді дәрілеп шықпақшы

Бүгін 12:33

Қазақстанда құстың 20 жаңа түрі табылды

Бүгін 12:18

Алматы қаласының Алмалы ауданында 60 тұрғын үйдің қасбеті жаңарады

Бүгін 12:15

Марқұм Нұрай Серікбайдың ісі: күдікті психикалық емдеу орталығына жатқызылған

Бүгін 12:13

Қазақстанда кейбір кітаптарды сақтағандар жауапқа тартылмақ

Бүгін 12:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика