Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда қаза тапқан сарбаздарға ескерткіш тақта а...

Алматыда қаза тапқан сарбаздарға ескерткіш тақта ашылды

Барлығы 07.04.2025, 16:54 797
Алматыда қаза тапқан сарбаздарға ескерткіш тақта ашылды
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

1995 жылғы 7 сәуір – тәжік-ауған шекарасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерінің 17 жауынгері ерлікпен қаза тапқан тарихи күн. Биыл осы қайғылы әрі қаһармандық оқиғаға 30 жыл толып отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Алматы қаласындағы 3650 әскери бөлімінің аумағында тәжік-ауған шекарасында қызмет бабында қаза тапқан сарбаздарға арналған ескерткіш тақта ашылды. Іс-шараға Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының және 3650 әскери бөлімінің басшылығы, сол бір тарихи миссияға қатысқан ардагерлер, жергілікті атқарушы билік өкілдері, оқушылар мен әскеир бөлімнің жеке құрамы қатысты.

Шара барысында қатысушылар ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен боздақтардың рухына тағзым етті. Әскери оркестрдің орындауында Мемлекеттік Гимн шырқалды. Жиналған қауым алдында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Талапкер Әміреевтің атынан ардагерлерге алғыс сөз оқылып, ерлік пен елдік туралы естеліктер айтылды. 

– Біздің буынның өз миссиясы болды. Біз антымызға адал болдық. Жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде қарулас жолдастарымыз көз жұмды. Олардың ерлігі ешқашан ұмытылмауы тиіс, – деді қанды шайқастың куәгері Жанат Несіпов сол күндерді еске алып.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әскери бөлім #ескерткіш тақта
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика