AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / №29 қалалық емханада аудиологиялық скринингтің ка...

№29 қалалық емханада аудиологиялық скринингтің кабинет ашылды

Медицина 12.12.2024, 15:05 1,217 Nursok82
№29 қалалық емханада аудиологиялық скринингтің  кабинет ашылды
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін Алматының №29 Қалалық емханасында аудиологиялық скрининг кабинеті ашылды, бұл балаларда есту қабілетінің бұзылуын ерте анықтауға бағытталған бірегей жоба, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Мұндай маңызды іс-шара 2025-2026 жылдарға арналған «Мен естимін» пилоттық бағдарламасының бір бөлігі болды. Бағдарлама Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен, сондай-ақ САТР Орталығы, «Пас Медикал» компаниясы және «Милосердие» ерікті қоғамы» қоғамдық қорының қатысуымен жүзеге асырылды.

«Аудиологиялық скринингтік кабинет балалардың есту қабілетін ерте кезеңде диагностикалауға бағытталған, бұл - уақытында емдеу мен нәтижелі оңалту үшін өте маңызды. №29 емханада кабинет ашылғанға дейін, мұндай тексерулер №5 Қалалық клиникалық ауруханада келісім-шарт бойынша жүргізілген, енді диагностика Алатау ауданының тұрғындарына өз үйлерінің жанында қолжетімді болды», - дейді Ана мен бала денсаулығы бөлімінің меңгерушісі Жадыра Ахметова.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда есту диагностикасы екі кезеңде ұйымдастырылған:

1. Бастапқы деңгей – жаңа туған нәрестелердің есту қабілетін өлшеу перзентханаларда жүргізіледі.
2. Екінші деңгей – емханаларда 1 жасқа дейінгі және 1-ден 3 жасқа дейінгі балаларда есту қабілетінен айрылу және саңыраулық қаупінің факторларын анықтау үшін дәрігерлер анамнез жинай отырып, амбулаториялық тексерулер жүргізеді. Қажет болған жағдайда балалар қалалық аудиология орталығына тереңдетiп тексеруге жiберiледi.

«Осы жоба аясында жақын арада және 4 медициналық мекемені жаңа жабдықтармен жабдықтау жоспарлануда: №3 перинаталдық орталық, №5 перзентхана, №10 және №36 Қалалық емханалар», - деп атап өтті Ж.Ахметова.

Аудиологиялық скринингтік кабинеттердің ашылуы балаларға арналған медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыратыны сөзсіз, есту проблемаларын уақтылы анықтауды және балалар денсаулығы үшін ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша 2050 жылға қарай 2,5 млрд. жуық адам есту қабілетінен айрылудан зардап шегеді, оның 700 млн. адамы оңалтуды қажет етеді. Алайда бұл жағдайлардың көбін уақтылы диагностикалау және емдеу арқылы алдын алуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Аудиологиялық скринингтік кабинет #емхана #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық палуан Азия Чемпионы атанды

Бүгін 21:53

Баку құрылтайының 100 жылдығы: ҚазҰУ-да түркологияның жаңа бағыттары талқыланды

Бүгін 20:11

«Жас бүркіт» қатары толықты: Алматыда әскери-патриоттық сынып ашылды

Бүгін 19:25

Мақпал Жүнісова мен Татьяна Бурмистрова марапатталды

Бүгін 19:01

Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);