Ғасырлардан бері тарихымыз сан өзгерседе қасиетті домбырамыз қазақтың елдігі мен ерлігін, мұң - мұқтажын ұрпақтан ұрпаққа жалғап келеді.
Бүгін міне Алатаудың төрінде тағыда күймен күмбірлеп, әнмен әуелеген керемет кеш өтті.
Құрманғазы оркестрінің концерт залында Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясына қарасты «Ақ жауын» камералық оркестірінің Бас концертмейстері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, Күйшілер одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі, Жігер Бертісовтің «Күй ғұмыр» атты шығармашылық кешін берді.
Кешке келген көрермендер өнер майталмандарының шеберліктеріне куә болып нағыз рухани демалыс алды.
Кеш «Ақжауын» оркестрінің орындауында Жантөренің «Шалқыма» күйімен шымылдығын ашылды.
Осынау Ұлттық өнерімізді дәріптеу жолында Біріккен Араб Әмірліктері, Франция, Корея, Түркия сынды елдерде өнер көрсетіп, қазақ күйлерінің құдіретін паш етіп жүрген Жігер Бертісов Темірбектің төкпесі, Әшімтайдың «Қоңыр қазын», Сүгірдің «Тоғыз торауын», Кетбұғаның «Ақсақ құлан» сынды танымал күйлерді төгілте орындады.
Өнердегі жүрген інілеріне ақ тілегімен арқалап құттықтай келген кеш қонақтары ҚР еңбек сіңірген қайраткері Еркін Шүкіман Естайдың әні «Юран-ай», ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Жанпейісова «Махамбеттің термесі», халық әні «Ақ сұңқар», ҚР мәдениет саласының үздігі Амангелді Күзеубай Балуан Шолақтың әні «Ғалия», Есенқұл Жақыпбековтың «Алдай-ау!» толғауын орындап, көрермендерді бір сілкіндіріп тастады.
Сонымен қатар ҚР еңбек сіңірген қайраткері Біләл Ысқақов пен «Ақжауын» камералық оркестрінің жетекшісі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақстанның халық артисі, күйші-композитор Секен Тұрысбек артынан ерген талантты шәкіртіне өз тілегін айтып, лебізін күймен жалғады.
Құттықтап келгендердің ішінде ақын, Халықаралық әдебиет және өнер қауымдастығы вице-президенті - Саят Қамшыгер,ҚР Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Махамбет сыйлығының лауреаты, республикалық Күйшілер одағының Алматы филиалының төрағасы Талап Қараш, Алматы облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Абзалиденұлы, Абай облысы Үржар ауданы әкімінің кеңесшісі.
Сайлауғазы Шарықбаев - Аудан әкімінің марапатын табыс етті.
Одан әрі кеш иесі «Ақ жауын» оркестрінің сүйемелдеуімен бірқатар тың шығармаларды орындап келушілерді керемет әсерге бөледі.