Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / 12 мың қазақстандық «Болашақпен» шетелде білім алд...

12 мың қазақстандық «Болашақпен» шетелде білім алды

Білім және ғылым 27.11.2023, 14:15 1,350
12 мың қазақстандық «Болашақпен» шетелде білім алды
Сурет: видеодан алынды

Биыл Болашақ бағдарламасының отыз жылдығы.


Бұл айшықты датаны мұхит асып білім қуып, біліктілігін шыңдап жүрген қазақстандық жастар АҚШ-тың Бостон қаласында ауқымды спорттық жарыстар өткізіп атап өтті. Шетелдіктер де қазақ жастарына әлемдік деңгейдегі білім нәрімен сусындауға мүмкіндік берген бірегей бағдарламаны жоғары бағалап отыр, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап. 


Гарвард, Масачусетс технолгиялық институты секілді әлемдегі беделді ЖОО орналасқан Бостон АҚШ-тың академиялық астанасы саналады. Сондықтан бұл жерде білім алып жатқан қазақтар да көп. Мерекеге орай ұйымдастырылған спорттық шараға таң сәріден жүзден аса жастың жиналуы соның айғағы болса керек. Қазақтың туын алыстан байқап қалған америкалық Пер Хандер де шараға асыға жетіпті. Қазақстанмен уран өндірісі бойынша он жылдан бері тығыз байланыс орнатқан бизнесмен Болашақ арқылы шетелде білім алған қазақ жастарымен жұмыс барысында талай кездескенін әрі олардың жан-жақтылығына тәнті болғанын айтады.


Пер Хандер,кәсіпкер:


Олар жас болса да өте сауатты, ақылды, бірнеше тілде еркін сөйлейтін мықты мамандар. Сондықтан меніңше Болашақ өте сәтті бағдарлама және елдің дамуына үлкен үлесі бар деп ойлаймын.

Пер Хандер талапты жастарға білім алуға мүмкіндік берген бағдарламаның жылдан жылға маңызы арта түсетініне сенімді. Себебі, бәсекеге қабілетті мемлекет қалыптастыру үшін дамыған елдердің озық технологиясын әкелу жеткіліксіз, озық білімін меңгеру керек. Сондықтан да Бостонда IT, медицина секілді маңызды салаларда білім алып жүрген қазақтар аз емес. Мерейтойға орай олардың бір бөлігі футбол ойнап, үстел теннисінен жарысса, енді бірі шахматтан бағын сынады.


Татьяна Златаева, Бостон университеті Метрополитен колледжінің деканы:


Бұл мереке Қазақстан мен Бостон Университеті арасындағы байланыстың 30 жылдығын айшықтайды. Осы уақыт аралығында біздің жоғарғы оқу орнын жүздеген қазақстандық студент тәмәмдады. Олар мемлекеттік қызметте, кәсіпте және қоғамның белсенді мүшесі ретінде де танытып жүр. Мен соған қуанамын. Қазір де қазақ студенттері университетіміздегі 17 түрлі мамандықты меңгеріп жатыр.

Бағдарлама іске қосылған отыз жыл ішінде 12 мың қазақстандық әлемнің үздік оқу орындарынын тәмамдаса, оның басым бөлігі Америка университеттерінің түлектері. Қазірдің өзінде АҚШ-та жарты мыңнан астам степендиат білім алып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#болашақ #білім #Ғылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43

ҚАЖ жүйесі қалай өзгереді? Бас прокуратура маңызды реформаларды жариялады

Бүгін 18:36

Туристік серпін: Алматыға 2,5 млн-ға жуық адам келді

Бүгін 17:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика