«Шетте жүрсең, еліңді сағынасың. Туған жердің қадірін ұғасың», - дейді Калифорнияда жүрген қазақтар.
Ересектер ғана емес, жастар да атажұртты аңсайды. Туған жерге деген сағыныштан балалардың алды аз ғана уақытта домбыра тартуды үйренген, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.
Лос-Анджелесте бір жылдан бері домбыра үйірмесі жұмыс істеп тұр. Домыбара тарту өз алдына, оны топ болып бір ырғақпен шертудің өзі үлкен өнер. Туған жерде ұлттық аспапты ұстамаған балалар бір жыл ішінде домбыраны шебер меңгеріп алды. Елге деген сағыныш ұлттық салт-дәстүрге қызығушылықты күшейткендей.
Меруерт Бауыржан, домбыра үйіренуші: - Елде жүргенде қазақ дәстүріне онша қызықпаппыз. Осында келіп түсіндік. Өзіңнің мәдениетіңді, дәстүріңді, дастарханыңды сағынады екенсің. Сол үшін, міне, тіл оқып, домбыра үйреніп жүрміз.
Бекнұр Әбдісақып, домбыра үйіренуші: - Домбыраны осында келіп, қолыма ұстадым. Қазір әжептәуір үйреніп қалдым. 1-2 күйді білемін.
Үйірме Калифорния қазақтары қауымдастығының жанынан бір жыл бұрын ашылған. Мұғалім Әйгерім Нұржаубекова да бұрын соңды домбырадан сабақ беріп көрмепті. Алайда музыкалық білімі көмек болып, қазір 20 шәкірт тәрбиелеп отыр. Нәтиже де жаман емес. Балалардың алды 5 күйді үйреніп алған.
Әйгерім Нұржаубекова, ерікті үйретуші: - Халық күйлерінен бастадық, халық әндерін біледі. Кейде сөйлесем, өздерің не үйренгілерің келеді деп. Олар қазіргі трендтегі күйлерді сұрайды. Қатарластарының домбыра тартқанына қызығып, үйірмеге сұранып келіп жатқан бала көп, - дейді Әйгерім. Сондықтан оларды жас ерекшеліктеріне қарай 2 топқа бөлген.
Бір жылда бірнеше халық күйін үйренген жасөспірімдер көп ұзамай кәсіби домбырашы деңгейіне жетеріне сенімді.
Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/628368-kaliforniyada-dombyra-jirmesi-bar
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz