Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды
Алматы қалалық жедел штабы терроризмді насихаттау мен жалған «миналау» хабарламалары үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылғанын еске салды. Мұндай әрекеттер үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, ал анонимділікке сену – қателік.