AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Павлодар облысында әйелдің үйіне баса көктеп кіріп...

Павлодар облысында әйелдің үйіне баса көктеп кіріп, бауыздап өлтірген ер адамға сот үкімі шықты

Заң мен тəртіп 15.01.2026, 09:13 467 Дина
Павлодар облысында әйелдің үйіне баса көктеп кіріп, бауыздап өлтірген ер адамға сот үкімі шықты
Сурет: ашық дереккөз

Павлодар облысында әйел адамды өлтіріп, оның үйін тонамақ болған ер адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Павлодар облысында сот әйел адамды пышақтап өлтіріп, өзге бір үйді тонауға оқталған ер адамға қатысты үкім шығарды. 

Сот мәліметінше, қылмыс 2025 жылдың шілде айында Павлодар облысындағы Заря ауылында болған. Алдымен айыпталушы ауыл тұрғынының үйіне заңсыз кірген. Сол түні ол тағы бір жеке үйдің ауласына түсіп, мүлік ұрламақ болған. Алайда үй иесі оны байқап қалған. Осы кезде ер адам әйелге шабуыл жасап, оны пышақтап өлтірген.

Қылмыстың ізін жасыру үшін күдікті үй ішіндегі заттарды өртеп, оқиға орнынан қашып кеткен.

Сотта прокурор айыпталушыға 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Ал күдікті мен оның қорғаушысы тұрғын үйге заңсыз кіру дерегі бойынша ақтауды, ал кісі өлтіру бабымен ең төменгі жаза тағайындауды өтінген. Жәбірленуші тарап нақты мерзімге соттауды талап етті.

Сот ер адамның кінәсі толық дәлелденгенін атап өтті. Бұл жәбірленушілер мен куәгерлердің көрсетулері, сараптама қорытындылары және сотталушының өз кінәсін мойындауымен расталған.

Сот айыпталушының бұрын сотталмағанын, кінәсін мойындап, өкініш білдіргенін жеңілдететін мән-жайлар ретінде есепке алды. Ауырлататын жағдайлар анықталмаған.

Қылмыстардың жиынтығы бойынша ер адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#қылмыс #Павлодар облысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясына барды

Бүгін 18:03

Алматылық боксшылар Венгриядағы халықаралық турнирдің жүлдегері атанды

Бүгін 17:55

Алматыда жүргізушілер LEZ аймағына кірген кезде пилоттық режимде push-хабарлама ала бастайды

Бүгін 16:59

Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да госпитальдық фармация бөлімі ашылды

Бүгін 16:06

Алдағы уақытта Құрылтай сайлауы өтеді, Халық кеңесі құрылады

Бүгін 15:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);