AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / БҚО-да шенеунік мектеп оқушысын зорлады деген күді...

БҚО-да шенеунік мектеп оқушысын зорлады деген күдікке ілінді

Заң мен тəртіп 24.02.2026, 08:51 235 Дина
БҚО-да шенеунік мектеп оқушысын зорлады деген күдікке ілінді
depositphotos

Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында мектеп оқушысына қатысты қылмыстық іс бойынша күдікке ілінген азамат жоғары лауазымды тұлға болуы мүмкін, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі «Уральская неделя» басылымына сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, күдіктінің аты-жөні ресми түрде жарияланбаған. Оқиғаға бір айдан астам уақыт өтсе де, күдікті қамауға алынбағаны жөнінде жәбірленуші тарап мәлімдеді. Қыздың әкесі жергілікті басылымға берген сұхбатында, 2 қаңтар күні 57 жастағы ер адам қызын алдап үйіне шақырып, қылмыс жасағанын айтты. Оның сөзінше, полицияға арыз түскеннен кейін күдікті ұсталып, жауап алынғанымен, кейін босатылған.

Әкесі күдіктінің бөлімшеде кінәсін мойындағанын және қыздың оны танығанын айтып, алайда ер адам үйіне жіберілген соң өзіне қоқан-лоқы көрсете бастағанын жеткізді. Сонымен қатар ол құқық қорғау органдары бұл іске жеткілікті деңгейде мән бермей отыр деп алаңдаушылық білдірген.

Бұған дейін БҚО полиция департаменті аталған дерекке қатысты түсініктеме беріп, Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1-бөлігінің 1-тармағы бойынша іс қозғалғанын хабарлаған. Ведомствоның мәліметінше, күдіктіге қатысты “қамауда ұстау” бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі тергеу әрекеттері кешені жүргізілгеннен кейін шешіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Бүгін 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Бүгін 18:42

Алматының ажары

Бүгін 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);