Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Бұрынғы жігіті 300 рет қоңырау соққан: Маңғыстауда...

Бұрынғы жігіті 300 рет қоңырау соққан: Маңғыстауда екі сталкинг дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр

Заң мен тəртіп 06.02.2026, 16:46 216
Бұрынғы жігіті 300 рет қоңырау соққан: Маңғыстауда екі сталкинг дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр
Сурет: ашық дереккөз

Маңғыстау облысында полиция екі сталкинг дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін жүргізіп жатыр. Екі жәбірленуші де бұрын таныс болған адамдардың қудалауына шағымданған, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бірінші жағдай бойынша 1987 жылы туған әйел 13 қаңтарда «Е-өтініш» жүйесі арқылы полицияға жүгінген. Ол 2022 жылдың желтоқсанынан бері бір ер адаммен қарым-қатынаста болғанын, бірақ 2025 жылы байланысын үзгенін айтқан. Соған қарамастан, ер адам оны бақылап, ізіне түсуді тоқтатпаған.

Полиция мәліметінше, бұл жәбірленушінің алғашқы арызы емес. Күдікті 2025 жылдың сәуірінде ұсақ бұзақылық үшін айыппұл төлеген, ал мамырда отбасылық-тұрмыстық қатынастарға байланысты құқықбұзушылық үшін 15 тәулікке қамауға алынған. Бейнежазбалар қудалау фактілерін өткен жылдың шілдесіне дейін растайды. Аталған дерек бойынша іс тіркеліп, тергеу басталған.

Екінші дерек 3 ақпанда тіркелген. Маңғыстау тұрғынының айтуынша, бұрынғы танысы оны 2024 жылдың қазанынан бері мазалап келеді: әртүрлі нөмірлерден шамамен 300 рет қоңырау шалған, үйіне, жұмысына және Ақтаудағы демалыс орындарына дейін келіп, соңынан қалмаған.

Тергеу барысында күдіктіге қатысты қорғау нұсқамасы шығарылып, профилактикалық есепке қойылғаны анықталған. Алайда ол талапты сақтамай, әрекетін жалғастырған. Соның салдарынан қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, азамат Ақтау қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сталкинг #қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алтын медаль: Ербол Хамитов Паралимпиада-2026 чемпионы атанды

Бүгін 17:27

«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі»

Бүгін 17:15

Тоқаев: Digital Qazaqstan халық мүддесіне қызмет ететін құжат болуы керек

Бүгін 16:25

Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді

Бүгін 16:15

KASE саудасында доллар бағамы төмендеді

Бүгін 16:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика