AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Нұрай Серікбай ісі: марқұмның туыстары Бас прокура...

Нұрай Серікбай ісі: марқұмның туыстары Бас прокуратураға шағым жолдады

Оқиға 02.02.2026, 17:23 380 Дина
Нұрай Серікбай ісі: марқұмның туыстары Бас прокуратураға шағым жолдады
сурет: скриншот

Шымкенттік 21 жастағы Нұрай Серікбайдың отбасы қылмыс бойынша  тергеуді Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментіне беруді талап етіп отыр, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаровтың айтуынша, марқұмның туыстары Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкерлеріне сенімсіздік білдіріп, қылмыстық істі ІІМ деңгейінде тергеуді сұраған. Осыған байланысты отбасы Президент Әкімшілігіне, Бас прокуратураға және Ішкі істер министрлігіне ресми шағым жолдаған. Адвокат тергеуге сенімсіздік себептерін жарияламады, оны тергеу құпиясымен байланыстырды.

Нұрайдың өлімі туралы не белгілі?

Қайғылы оқиға 11 қаңтарда болған. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларда ер адамның қызды қуып жетіп, пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткені көрінеді. 13 қаңтарда күдікті  28 жастағы жергілікті тұрғын қала сыртында ұсталды.

Оған ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша іс қозғалды:

  • 99-бап, 1-бөлік — «Адам өлтіру»;

  • 125-1-бап — «Неке қиюға мәжбүрлеу»;

  • 115-1-бап — «Сталкинг».

Марқұмның туыстарының айтуынша, қылмысқа дейін бірнеше ай бойы қудалау болған, сондай-ақ алып қашу әрекеті тіркелген. Отбасы полицияға бірнеше рет жүгінгенімен, олардың арызы қабылданбаған.

Бұл іске Қасым-Жомарт Тоқаев та назар аударып, Ұлттық құрылтайда полиция жұмысына баға беруді тапсырды. Осыдан кейін Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысы қызметінен босатылып, мәжбүрлеп некеге қатысты арызды тіркемеген қызметкерлерге қатысты салғырттық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кейін әлеуметтік желіде марқұмның бұрын түсірілген видеосы тарады. Онда Нұрай Серікбай өзін мәжбүрлеп алып кету болмағанын айтып, күдіктіге шағымы жоқ екенін жеткізеді. Алайда отбасының адвокаты бұл видео тергеу құпиясын бұзу деп бағаланып, осы дерек бойынша да ресми шағым түсірілгенін мәлімдеді.

 
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#бас прокуратура #Нұрай Серікбай #қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыға бара жатқан жолда жоғалып кеткен 21 жастағы тұрғын аман-есен табылды

Кеше 16:57

Ақжан мен Ақниет: Тоқаев тұлпарларын көрсетті

Кеше 15:22

Алматы баскетболшылары 15 жасқа дейінгі командалар арасында Қазақстан чемпионы атанды

Кеше 14:06

Ұлттық музыка ғылымының негізін қалаған тұлға

Кеше 13:44

Қазақстанда шетелдіктер үшін арнайы виза пайда болмақ

Кеше 12:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);