AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Жанабыловтар ісі: блогерлер 7 жылға сотталуы мүмкі...

Жанабыловтар ісі: блогерлер 7 жылға сотталуы мүмкін

Оқиға 01.02.2026, 09:01 299
Жанабыловтар ісі: блогерлер 7 жылға сотталуы мүмкін
сурет: видео кадры

Блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға байланысты тергеу аясында қосымша, ауыр қылмыстық баптар тіркелген, деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Бұл туралы блогерлер отбасының адвокаты Жасұлан Рахымғалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, ерлі-зайыптылардың әрекеті Қылмыстық кодекстің 214-бабының 2-бөлігі және 218-бабының 2-бөлігі бойынша сараланып отыр. Адвокаттың мәліметінше, әсіресе 218-бап, қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру дерегі бойынша қозғалған іс аса ауыр санатқа жатады және ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Оның айтуынша, тергеу органдары әлеуметтік желілер арқылы жиналған қаражатты заңсыз кәсіпкерлік нәтижесінде алынған кіріс деп бағалап, оны «заңдастыру» белгілерін анықтаған. Сонымен қатар, іс материалдарында прокурор тарапынан мемлекет мүддесіне қатысты талап-арыз тіркелген. Онда азаматтардан жиналған қаражатты мемлекет кірісі ретінде өндіріп алу мәселесі көтеріліп отыр.

Қазіргі уақытта блогерлерге қатысты бұлтартпау шарасы қаралуда. Рахымғалиевтің айтуынша, әзірге нақты қандай шара қолданылатыны белгісіз.

Айта кетейік, бұған дейін, 15 қыркүйекте Астананың мамандандырылған ауданаралық соты Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованы лицензиясыз лотерея ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Тергеу деректеріне сәйкес, олар әлеуметтік желілерде ақша, автокөлік және өзге де бағалы сыйлықтар тігілген ұтыс ойындарын тұрақты түрде өткізген.

Сот шешімінен кейін істің материалдары Қаржылық мониторинг агенттігіне жолданып, қаржы операцияларына қатысты қосымша тексеріс басталған. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сот #қылмыс #Ауыр қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Санжар Боқаев ұсталды

Бүгін 13:37

Алматы колледждері еліміздің ішкі туризмін дамытуға үлес қосып келеді

Бүгін 12:37

Алматыда заңсыз көші-қон арнасының жолы кесілді

Бүгін 12:26

Трансұлттық есірткі схемасы әшкереленді: 40 адам ұсталды

Бүгін 11:55

Алматыда Наурыз қалай тойланады: 21-23 наурызға арналған негізгі іс-шаралар

Бүгін 11:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика