Наурызбай ауданында Наурыздың мерекелік қалашығы бой көтерді
Алматының Наурызбай ауданында өткен «Наурыз мейрамы–2026» аясындағы мерекелік іс-шаралар ұлттық дәстүрлер мен өнерді насихаттап, жанды музыка, ойын-сауық және интерактивтік бағдарламалар арқылы тұрғындар мен қонақтарға ерекше атмосфера сыйлады. Алаң қазақ киіз үйлері, ұлттық ойындар, шеберлік сабақтары мен фудкортпен толықтырылып, Наурыз мерекесінің рухын айшықтады.