AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Наурызбай ауданында Наурыздың мерекелік қалашығы б...

Наурызбай ауданында Наурыздың мерекелік қалашығы бой көтерді

Алматы құшағында 21.03.2026, 13:10 252 dulatbekova
Наурызбай ауданында Наурыздың мерекелік қалашығы бой көтерді
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының Наурызбай ауданында «Наурыз мейрамы–2026» аясында ауқымды мерекелік іс-шаралар өтті.

Бір күнге алаң нағыз Наурыздың қалашығына айналып, жанды музыкаға, ұлттық дәстүрді насихаттайтын алаңға айналды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Кіреберістен бастап қонақтарды жарқын фотозоналар мен мерекелік арка қарсы алады. Алаң бірнеше тақырыптық аймақтарға бөлінген: оң жақта ұлттық бұйымдар, әшекейлер мен киімдер ұсынылған көрмелер мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылыпты.

Орталықта көрермен назарын аударатын үлкен сахна орналасқан екен. Мұнда түрлі жанрдағы шығармашылық ұжымдар мен әртістер өнер көрсетіп жатыр. «Арай» ансамблі мен «Отырар сазы» мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрін халық ұйып тыңдап, бүкіл алаңды ұлттық әуен алып кетті. Сондай-ақ сахнада «Райс» би ұжымы, Мирас пен Құралай дуэті, «Ильканто» квартеті өнер көрсетіп, әсерлі вокалдық нөмірлер ұсынды. «Ұлытау» мен «Алашұлы» секілді танымал ұжымдардың өнері көрерменге ерекше әсер сыйлады. Бағдарлама цирктік қойылымдар мен интерактивтермен толықтырылып, шынайы жанды шоуға айналды.

Сол жақта қазақтың киіз үйлері орналасқан, мұнда дастарқан жайып, ұлттық салт-дәстүрді көрсетеді. Ұлттық ойындар жағы да ұйымдастырылған: садақ ату, спорттық алаңдар, сондай-ақ тоғызқұмалақ, шахмат секілді үстел ойындары да бар.

Әсіресе алаңда серуендеп жүрген қазақ батырларының бейнесі мерекеге ерекше реңк берді.

Қонақтарға арнап фудкорт та ашқанымен, мұндағы ең қызығы— әуе шары болды.

Мереке мазмұнды әрі жан-жақты болып өтті. Мұнда әр адам дәстүрден бастап, ойын-сауыққа дейінгі өзінің жанына жағатын дүниені таба алады.

Наурызбай ауданындағы Наурыз — дәстүр жаңғырып, ұрпақты ұцыстыратын кеңістікке айналды осылайша.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Наурызбай ауданы #наурыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Құрманғазы оркестрі Отан қорғаушылар құрметіне концерт берді

Бүгін 20:39

Қазақстандық жұп әлемдік турнирде жүлде алды

Бүгін 19:33

Сурдлимпиада жүлдегерлеріне 5,5 млрд теңге сыйақы берілді

Бүгін 19:29

Astana IT University жасанды интеллект саласында MIT IDSS-тің Еуразиядағы мүшесі атанды

Бүгін 19:26

Астаналық клиника Орталық Азиядағы көз клиникалары арасында алғаш рет JCI аккредитациясын алды

Бүгін 19:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);