AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Наурыз қарсаңында жеңілдіктер науқаны қыз...

Алматыда Наурыз қарсаңында жеңілдіктер науқаны қызу жүріп жатыр

Алматы 19.03.2026, 09:19 172 Сұлу
Алматыда Наурыз қарсаңында жеңілдіктер науқаны қызу жүріп жатыр
Алматы әкімдігі

Алматыда Наурыз мерекесіне орай «Nauryz Sale» атты ауқымды мерекелік науқан жүріп жатыр. 2026 жылы 13-23 наурыз аралығында қала тұрғындары мен қонақтары мегаполистегі ірі сауда орындарынан азық-түлік пен түрлі тауарларды 10-30% жеңілдікпен сатып ала алады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, акцияға Magnum Cash&Carry, Small, A-Store, «Беккер и К», Galmart, Metro Cash & Carry, «Столичный» және «Юбилейный» сияқты ірі супермаркеттер қосылған. Сондай-ақ, Forum Almaty, Globus, Mega Park, Aport East, Almaty Mall, Dostyk Plaza, Moskva, Mart, Sputnik Mall және Maxima сынды танымал сауда-ойын-сауық орталықтары қатысып отыр.

Бұл бастама отандық өндірушілерді қолдауға, ішкі сауданы дамытуға және ел көлемінде мерекелік көңіл күй қалыптастыруға бағытталған республикалық бағдарлама аясында қолға алынған.

Алматылықтар акцияға оң баға беріп отыр. Тұрғындардың айтуынша, ұсынылған жеңілдіктер күнделікті шығынды азайтып, мерекеге қамдануға қолайлы жағдай жасайды. Көпшілік мұндай науқандар мереке қарсаңында ғана емес, басқа кезде де жиі ұйымдастырылса дейді.

«Наурыз қарсаңында қажетті заттарды жеңілдікпен алу — үлкен мүмкіндік. Осындай акциялар отбасылық бюджетке едәуір көмек. Осындай жеңілдіктер жиі өткізілсе екен. Ал сауда орталықтарындағы безендірулер ерекше мерекелік көңіл күй сыйлайды», — дейді алматылық Әйгерім.

Қала тұрғындарының пікірінше, «Nauryz Sale» тиімді сауда ғана емес, сонымен қатар ерекше әсер сыйлайтын мерекелік іс-шараға айналған. Сауда орталықтарында жәрмеңкелер, концерттер, ұлттық нақыштағы фотоаймақтар, интерактивті алаңдар, шебердің сабақтары мен түрлі ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылған.

Негізгі мәдени іс-шаралар 20-23 наурыз аралығында өтеді. Дегенмен, қазірдің өзінде қалада мерекелік көңіл күй сезіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #наурыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда шетелдіктер үшін арнайы виза пайда болмақ

Бүгін 12:52

Екі алтын: Қазақстан триатлоннан Азия кубогында төрт жүлде жеңіп алды

Бүгін 11:35

Қазақстандық студенттер әзірлеген ЖИ жобасы АҚШ-та жеңіске жетті

Бүгін 10:58

Жаңбыр жауып, 3 градусқа дейін үсік жүреді: ауа райы болжамы

Бүгін 09:25

Күштірек, жылдамырақ, ақылдырақ: Алматы жастары «Бес қару» сынынан өтті

Кеше 18:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);