AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар қосылад...

Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар қосылады

Әлеумет Бүгін 16:56 31
Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар қосылады
Сурет: Gov.kz

Наурыз мейрамын мерекелеу кезеңінде халықтың теміржол тасымалдарына деген жоғары сұранысын қанағаттандыру мақсатында қосымша пойыздар тағайындалып, ең сұранысқа ие бағыттарда орын саны арттырылатын болады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, стандартты жолаушылар вагондарынан құралған 22 рейске 3 қосымша пойыз тағайындалды:

  • №201/202 «Алматы-2 – Астана-1»;

  • №204/203 «Нұрлы жол – Шымкент»;

  • №205/206 «Ақтөбе – Нұрлы жол».

Сонымен қатар, жолаушылар ағыны жоғары бағыттар бойынша қолданыстағы пойыздарға қосымша 230 тіркемелі вагон қосылды.

Қала маңы тасымалдары желісі бойынша Астана – Павлодар, Шу – Тараз, Астана – Атбасар, Астана – Курорт-Бурабай, сондай-ақ Қарағанды – Балқаш бағыттары бойынша 11 қосымша рейс ұйымдастырылды және Қарағанды – Балқаш бағытына 6 тіркемелі вагон қосу қарастырылған.

Жалпы Наурыз мейрамы күндері жолаушылар үшін қосымша шамамен 45 мың орын ұсынылатын болады.

Сонымен қатар, еліміздің бірқатар теміржол вокзалдарында шағын мерекелік іс-шаралар өткізу жоспарлануда, оның ішінде жолаушыларға дәстүрлі ұлттық тағамдар ұсыну, тақырыптық фотозоналар орнату және мәдени қойылымдар ұйымдастыру қарастырылған, бұл Наурызды мерекелеу күндері жолаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлауға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#наурыз #мереке #пойыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысының 4365 педагогі кітап оқу марафонында 15 кітаптан оқыды

Бүгін 18:14

Алматыда Ұлттық киім күніне орай сән көрсетілімдері өтті

Бүгін 18:04

Қаламгер рухына құрмет

Бүгін 17:55

ЖИ‑контент әлемде құқықтық реттеуге көшті: Қазақстанда да жауапкершілік енгізілуде

Бүгін 17:53

Қазақстанда ЖИ-контент заңмен реттеледі: алғашқы жауапкершілік ісі тіркелді

Бүгін 17:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика