AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Лайфстайл / Наурыз әлде Жаңа жыл: Қазақстандықтар осы екі мере...

Наурыз әлде Жаңа жыл: Қазақстандықтар осы екі мерекенің қайсысына көбірек шығындалады?

Лайфстайл 19.03.2026, 12:51 431 dulatbekova
Наурыз әлде Жаңа жыл: Қазақстандықтар осы екі мерекенің қайсысына көбірек шығындалады?
Сурет: Жасанды интеллект, Aqshamnews.kz.

Қазақстанда жылдың екі басты мерекесі - Жаңа жыл мен Наурыз жай ғана демалыс күндері емес, отбасылық бюджетке түсіретін салмағы да бар. Екеуі де жылдың басы ретінде ерекше көңіл-күй сыйлайды, халық асыға күтеді. Дегенмен, мереке сайын қалтаның жұқара түсетіні тағы бар. Сарапшылардың бағалауы бойынша, Жаңа жылда адамдар негізінен сыйлықтарға көбірек шығындалады. Ал Наурызда сыйлықтан гөрі дастарханға көбірек ақша жұмсалады екен. Дәстүрлі тағамдар әзірлеумен бөлек, туыстарды аралауға шыққанда қазақ құр алақан бармайтыны тағы бар.

Биылғы жылы Наурыз Ораза айтпен тұспа-тұс келіп отыр, бұл отбасыларға мерекелік дастархан мен сапарларды тиімді жоспарлап, шығындарды біртұтас бөлуге мүмкіндік береді. Aqshamnews.kz тілшісі осы екі мерекенің шығындық құрылымын, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сараптап көрді.

Жаңа жыл: дастарханы мен ерекшеліктері

Жаңа жыл дастарханының орташа құны, аз дегенде шамамен 70 мың теңге. Бұл сомаға 30-дан астам азық-түлік кіреді:

  • Ет және тауық еті

  • Салаттарға арналған ингредиенттер (оливье, «шуба»)

  • Шұжық, ірімшік

  • Жеміс-жидек, тәттілер, сусындар

Ескере кететіні, жаңа жыл негізінен отбасылық мереке ретінде көбіне өз үйінде шағын ортада атап өтіледі және ресми түрде 2–3 күнге созылады.

Наурыз: дәстүрге негізделген дастархан

Наурыз дастарханының құрылымы мүлде бөлек. Мұнда басты тағам - Наурыз көже, сондай-ақ бауырсақ, ет, қымыз, шұбат сияқты ұлттық өнімдер ұсынылады.

Сарапшылардың есептеуінше, Наурыз дастарханының орташа құны:

  • Қарапайым отбасы үшін: 30–50 мың теңге

  • Кең дастархан (қонақ көп болса): 50–80 мың теңге (ең аз дегенде)

Наурыз – көпшілікпен тойланатын мереке, яғни көрші-қолаң, туыс-туған бас қосып, арқа-жарқа болатын мейрам. Сонымен қатар, Наурыз мерекесіне берілетін демалыс та аз емес, 5 күнге созылады. Әәр үйді аралап, «Наурыз көже» дәмін татып, қонақжайлық дәстүрін жалғастыруға уақыт та, мүмкіндік те көп.

Негізгі айырмашылықтар

  • Өнім түрі: Жаңа жыл – ассортименті көп, импорттық және қымбат тауарлар жиі алынады; Наурыз – ұлттық тағамдарға негізделген, салыстырмалы түрде қолжетімді.

  • Мерекелік ұзақтық: Жаңа жылда негізінен жұрт сағат 00:00 болғанын күтсе, Наурыз мейрамын бірнеше күн бойы тойлай беруге болады.

  • Қонақ мәдениеті: Жаңа жыл – жеке отбасы мерекесі, Наурыз – көрші-қолаң мен туысқандарды шақыру дәстүрі.

  • Шығын көлемі: Қонақ саны мен дастарханның көлеміне және күні бұрын дайындалатын сыйлықтарға байланысты Наурыз да, Жаңа жыл да әркімнің өз "қалтасына" қарай шығындануы соншалық болмақ.

Әмиянға әсері: сарапшылар кеңестері

  • Ет стратегиясы: Наурызға ақпанда, Жаңа жылға қарашада сатып алып, мұздатып қойсаңыз, 20%-ға дейін үнемдеуге болады.

  • Көтерме базарлар: Жармалар, ұн, май және консервілерді көтерме базардан алу қосымша үнемдеуге мүмкіндік береді.

  • Балаларға сыйлық: Ойыншық орнына ақшалай сыйлық беру қаржылық сауаттылықты дамытады және қосымша шығыннан құтқарады.

Стандартты есеп бойынша Жаңа жыл дастарханы қымбатырақ көрінгенімен, Наурыздағы қонақжайлық дәстүрі мен ұзақтығы шығынды арттыруы мүмкін. Сондықтан нақты қай мереке «қымбат» екені әр отбасының форматына, қонақ санына және дастархан көлеміне байланысты анықталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#наурыз #Жаңа жыл #мереке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыға бара жатқан жолда жоғалып кеткен 21 жастағы тұрғын аман-есен табылды

Бүгін 16:57

Ақжан мен Ақниет: Тоқаев тұлпарларын көрсетті

Бүгін 15:22

Алматы баскетболшылары 15 жасқа дейінгі командалар арасында Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін 14:06

Ұлттық музыка ғылымының негізін қалаған тұлға

Бүгін 13:44

Қазақстанда шетелдіктер үшін арнайы виза пайда болмақ

Бүгін 12:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);