AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Жаңару күнінде 400-ден астам ағаш егілді

Алматыда Жаңару күнінде 400-ден астам ағаш егілді

Алматы 19.03.2026, 15:49 249 Сұлу
Алматыда Жаңару күнінде 400-ден астам ағаш егілді
Алматы әкімдігі

Алматыда Жаңару күнінде 400-ден астам ағаш егілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Наурыз мерекесі қарсаңында Алматыда коммуналдық қызмет пен жергілікті тұрғындар қатысқан аумақтарды тазалау және көгалдандыру бойынша экологиялық акция өтті. Жалпы мереке қарсаңында 1000-нан астам көшет отырғызылды, оның ішінде 400-ден астамы Жаңару күні аясында егілді.

Мәселен, Түрксіб ауданында Қонаев атындағы өндірістік кооператив аумағында жапырақты ірі 139 ағаш егілді.

Әуезов ауданындағы №1 шағынаудан скверінде 30жапырақты ағаш көшеті отырғызылды.

Ұйымдастырушылар мұндай бастамалардың экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталғанын атап өтті.

Аудандағы акцияға жүзден астам адам, атап айтсақ еріктілер, оқушылар, студенттер және жергілікті тұрғындар қатысты. Олар қаланы көгалдандыру мен қоршаған ортаны жақсарту үшін жиналды.

Іс-шараға қатысушылардың бірі Ғалия Ермұханова ағаш егумен қатар, оларға тұрақты күтім жасау маңызды екенін айтты.

«Ағашты күтіп-баптауға тұрақты суару, санитарлық және қалыпқа келтіріп кесу, зиянкестермен күресу және топырақты қопсыту кіреді. Бірнеше жыл өткен соң еңбегіңнің нәтижесін көру ерекше қуаныш сыйлайды», — деді ол.

Сонымен қатар, Наурызбай ауданында Абай даңғылы мен Әшімов көшесінің қиылысында 75 ірі ағаш егілді.

Жетісу ауданындағы «Ратушный» скверінде 50 жапырақты ағаш көшеті отырғызылды. Алмалы ауданында Розыбакиев көшесінің бойында (Дүйсенов көшесінің қиылысында) 20 ірі ағаш егілді.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 2025 жылы Алматыда 420 мыңнан астам жасыл желек отырғызылды. Оның ішінде 42 мың ағаш (5-6 метрлік 5 мың ірі ағаш және 2,5 метрлік 37 мыңнан астам көшет) бар. Сонымен қатар, буферлік аймақтарды көріктендіру аясында 380 мың бұта егілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#наурыз #ағаш егу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыға бара жатқан жолда жоғалып кеткен 21 жастағы тұрғын аман-есен табылды

Бүгін 16:57

Ақжан мен Ақниет: Тоқаев тұлпарларын көрсетті

Бүгін 15:22

Алматы баскетболшылары 15 жасқа дейінгі командалар арасында Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін 14:06

Ұлттық музыка ғылымының негізін қалаған тұлға

Бүгін 13:44

Қазақстанда шетелдіктер үшін арнайы виза пайда болмақ

Бүгін 12:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);