AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Алматылықтар ұлттық киім киіп, Наурызды мұз айдыны...

Алматылықтар ұлттық киім киіп, Наурызды мұз айдынында атап өтіп жатыр

Алматы құшағында 18.03.2026, 16:59 224 dulatbekova
Алматылықтар ұлттық киім киіп, Наурызды мұз айдынында атап өтіп жатыр
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Наурыз мерекесі қарсаңында Алматыда алғаш рет бірден үш мұз айдынында ұлттық киіммен сырғанау іс-шарасы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

18 наурыз күні сағат 16:00-ден бастап Алматы Арена, Халық Арена мен Олимпик кешендері барлық ниет білдірушілерге есігін айқара ашты. Бірінші болып сырғанағысы келіп, айдынға алып ұшқан мектеп оқушылары болды.

Қала әкімдігінің бастамасымен бұл іс-шарада студенттерден бастап балалы отбасылар мен үлкен кісілерге дейіін тегін сырғанап, қаншама адам бас қосты.

Әсіресе көз тартар камзол, әсем сәукеле мен зерлі шапандар іс-шараның ажарын ашып, айдынды тіпті әсем етіп жіберді.

Мұз айдындары қазір дәстүр мен осы заманғы қала өмірі үйлесім тапқан ерекше кеңістікке айналды осылайша.

Қонақтар қуана суретке түсіп, алған әсерін айтып, мұздың бетіне шығып, мәдени мұраны осылай да насихаттауға болатынын көңілге түйіп қайтты.

Бұл кеш спорттық демалыс қана емес, ұрпақ сабақтастығы мен ұлттық құндылыққа деген құрметтің жарқын үлгісіне айналды.

Алматы дәстүрді танытуда ештеңе кедергі бола алмайтынын тағы дәлелдеп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#наурыз #ұлттық киім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Күштірек, жылдамырақ, ақылдырақ: Алматы жастары «Бес қару» сынынан өтті

Бүгін 18:39

Қазақстан мен Әзербайжан «ТурАн» атты бірлескен туроператорды іске қосты

Бүгін 18:37

Астанада тіс емдетуге барған 20 жастағы жігіт көз жұмды

Бүгін 17:51

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өткізілді

Бүгін 15:57

Алматы қаласының әкімі  кітап оқу эстафетасын жалғастырды

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика