Моноқалаларды дамыту: Олжас Бектенов Президенттің Балқаш қаласындағы әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді
Премьер-министр Олжас Бектенов Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында Балқаш қаласына барды. Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың моноқаланы әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысады.