конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Панфилов көшесінің бір бөлігі «Халық қаты...

Алматыда Панфилов көшесінің бір бөлігі «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында көріктендіріліп жатыр

Алматы Бүгін 15:43 45
Алматыда Панфилов көшесінің бір бөлігі «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында көріктендіріліп жатыр
Алматы әкімдігі

Алматыда тұрғындардың бастамасымен Панфилов көшесінің Жібек жолы даңғылынан Райымбек даңғылына дейінгі бөлігі жаңартылуда, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жоба биылғы мамыр айынан бері «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Алмалы ауданы әкімдігінің өкілдері айтты.

Аумағы 1,7 гектар болатын бұл аумақ қаланың тарихи орталығындағы жүргіншілер бағытының жалғасына айналып, Алматы-2 теміржол вокзалына дейінгі жолды тұрғындар мен қала қонақтары үшін барынша жайлы етеді.

Жоба аясында көгалдандыру жұмыстарына ерекше басымдық берілген. 1 гектар аумақта қолданыстағы ағаштар сақталып, 10 мың шаршы метр көгал төселеді. Сондай-ақ жол жиегіне 18 мың көпжылдық бұта отырғызылады. Жасыл желектерді күтіп-баптау үшін автоматты және тамшылатып суару жүйелері орнатылады.

Сонымен қатар 0,7 гектар аумақта жүргінші инфрақұрылымы жаңартылады. Мұнда 6 325 шаршы метр кеспетас, 750 шаршы метр асфальт жабыны төселіп, 20 қоқыс жәшігі мен 106 жаңа жарықтандыру бағаны орнатылады. Оларды электр желісіне қосу үшін 2,1 шақырым кабель желісі тартылуда.

Алмалы ауданы әкімдігі өкілдерінің мәліметінше, жүргізіліп жатқан көркейту жұмыстары Панфилов көшесінің төменгі бөлігін бұрынғыдан да жарық, қауіпсіз әрі жүргіншілер үшін қолайлы қоғамдық кеңістікке айналдыруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#инфрақұрылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Марафоннан ауылдағы кездесулерге дейін: партиялар осы аптада сайлаушыларды немен таңғалдырды?

Бүгін 16:27

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жаңа цифрлық шешімдер таныстырылды

Бүгін 16:13

Алматыда этнографияның мәдени мұраны сақтаудағы рөлін талқылады

Бүгін 16:12

Жұлдыздар, косплей және мыңдаған жанкүйер: Comic Con Astana биыл қалай ерекшеленеді?

Бүгін 15:59

Алматыда креативті экономиканы дамыту және қаладағы құрылыс жобаларының орындалу барысы талқыланды

Бүгін 15:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);