AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы әкімі мектепке дейінгі білім беру инфрақұры...

Алматы әкімі мектепке дейінгі білім беру инфрақұрылымын дамытуды жеделдетуді тапсырды

Алматы 31.07.2026, 14:18 255
Алматы әкімі мектепке дейінгі білім беру инфрақұрылымын дамытуды жеделдетуді тапсырды
Алматы әкімдігі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Қазіргі таңда Алматыда 1 098 балабақша жұмыс істейді. Оның 202-сі – мемлекеттік, 896-сы – жекеменшік. Бұл мектепке дейінгі ұйымдарда 87 196 бала тәрбиеленуде. Оның ішінде 38 835 бала мемлекеттік, ал 48 361 бала жекеменшік балабақшаларға барады. Сонымен қатар 792 жекеменшік балабақша мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында қызмет көрсетеді.

Кеңесте 2027 жылы 1 қаңтардан бастап енгізілетін міндетті лицензиялауға мектепке дейінгі ұйымдардың дайындығы, мемлекеттік білім беру тапсырысының орындалуы, енгізілген ваучерлік қаржыландыру тетіктері және балабақша кезегін қысқарту шаралары қаралды.

Сондай-ақ балабақшалардың санитарлық және лицензиялық талаптарға сәйкестігіне, инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жаңа балабақшалар салу, қолданыстағы ғимараттарды реконструкциялау және жаңғырту, бұрынғы балабақша ғимараттарын мемлекет меншігіне қайтару, оларды сатып алу арқылы қосымша орындар ашу және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселелері талқыланды.

Бұдан бөлек, мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарды қаржыландыру және балаларды сапалы тамақпен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Дархан Сатыбалды балабақшаларды лицензиялауға уақытылы дайындауды, мектепке дейінгі білім беру инфрақұрылымын дамыту жобаларын жеделдетуді, балабақша кезегін қысқарту жұмыстарын жалғастыруды және балалардың тәрбиесі мен оқуына заманауи әрі қауіпсіз жағдай жасауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектепке дейінгі білім беру #инфрақұрылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен корейлік CONTEC Space Group ғарыш саласындағы ынтымақтастықты пысықтауда

Бүгін 21:00

Үкіметте әлеуметтік саланы дамыту мәселелері қаралды

Бүгін 20:46

Қазақстан мен жетекші корей компаниялары Alatau City-ді дамытуға бағытталған жаңа жобаларды пысықтауда

Бүгін 19:01

Тау туризмінің экономикасы: Алматыға қандай пайда әкеледі?

Бүгін 17:47

Қазақстандықтардың 86,7 пайызы Президентке сенім білдіреді

Бүгін 17:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);