конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан Firebird AI компаниясы үшін негізгі нары...

Қазақстан Firebird AI компаниясы үшін негізгі нарықтардың біріне айналды: Екібастұзда қуаты 125 МВт болатын AI-инфрақұрылым дамып келеді

Әлеумет Бүгін 13:18 67
Қазақстан Firebird AI компаниясы үшін негізгі нарықтардың біріне айналды: Екібастұзда қуаты 125 МВт болатын AI-инфрақұрылым дамып келеді
gov.kz

,Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Арменияның Раздан қаласында Firebird компаниясының AI-кампусының бірінші кезеңінің ресми ашылу рәсіміне қатысты,– деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шараға сондай-ақ Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян, бейнебайланыс арқылы қатысушыларға сөз сөйлеген NVIDIA компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Дженсен Хуанг, NVIDIA компаниясының вице-президенті Рев Лебаредян, АҚШ Үкіметінің, халықаралық технологиялық компаниялардың өкілдері, инвесторлар және салалық сарапшылар қатысты.

Firebird компаниясының жаңа нысаны өңірдегі NVIDIA DSX архитектурасы негізінде жұмыс істейтін ең ірі AI-фабрикаға айналды. Компания 2027 жылдың соңына қарай Армениядағы инфрақұрылымын NVIDIA Rubin және Blackwell GPU-ларының 70 мыңнан астамына дейін және есептеу қуатын 300 МВт-қа дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Қазақстан компанияның екінші нарығына айналды. Қазіргі уақытта Firebird Екібастұзда жобаның операторы – «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп, қуаты 125 МВт болатын Data Center Valley жобасын дамытып жатыр.

Жоба Қазақстан Үкіметінің қажетті келісімдерін, сондай-ақ АҚШ Сауда министрлігінің Өнеркәсіп және қауіпсіздік бюросынан (BIS) тиісті технологияларды жеткізуге қажетті экспорттық рұқсат алды.

NVIDIA компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Дженсен Хуанг өз сөзінде Қазақстанды жеке атап өтті:

«Firebird компаниясымен бірлесіп, Армения мен Қазақстанда жасанды интеллектіні дамыту үшін зерттеушілерге, стартаптар мен индустрияға қажетті есептеу базасын ұсынатын, елдердің ішінде жасанды интеллект әзірлеуге, халықаралық инноваторларды тартуға және жаһандық AI-экономикаға қатысуға мүмкіндік беретін AI-инфрақұрылым құрып жатырмыз».

Жаслан Мәдиевтің айтуынша, мұндай жобаларды дамыту Қазақстанның жасанды интеллектінің өзіндік инфрақұрылымын қалыптастыру жөніндегі жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша біз өзіміздің AI-инфрақұрылымымызды кезең-кезеңімен қалыптастырып келеміз. Қазақстанда ірі есептеу қуаттарын орналастыруға қажетті энергетикалық база, аумақ және дамыған цифрлық экожүйе бар. Біздің міндетіміз – жаһандық технологиялық серіктестерді тартумен қатар, ел ішінде жасанды интеллектіні, зерттеулерді, стартаптарды және жаңа цифрлық сервистерді дамыту үшін толыққанды орта қалыптастыру», – деді Жаслан Мәдиев.

«Екібастұздағы Data Center Valley — Қазақстанның әлемдік деңгейдегі ЖИ инфрақұрылымын құруға қабілетті екенін дәлелдейтін жоба. Мұндай жобалар Қазақстанның өңірлік есептеу қуаттарының орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтып, отандық экономикаға жаһандық ЖИ индустриясына тікелей шығуға мүмкіндік береді», — деді «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин.

Мұндай экожүйені қалыптастыру тек дата-орталықтар салуды және есептеу қуаттарын дамытуды ғана қамтымайды. Қазақстан халықаралық цифрлық байланыстылықты да қатар күшейтіп келеді. Атап айтқанда, Еуропа бағытына жоғары жылдамдықты деректерді беру жаңа маршрутын қалыптастыратын және ірі дата-орталықтар мен AI-жобалар үшін маңызды инфрақұрылымдық негіз болатын Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске асыру жобасы жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар Қазақстанда халықаралық компаниялардың деректері мен цифрлық инфрақұрылымын қауіпсіз орналастыру үшін жағдай жасау бойынша жұмыс жүргізілуде, сондай-ақ жаһандық технологиялық бизнес үшін реттеуші орта жетілдірілуде.

Firebird халықаралық нарықтардағы экспансиясын жалғастыруды жоспарлап отыр. Компания 2028 жылдың соңына қарай Армения, Қазақстан және басқа да нарықтардағы жаһандық AI-инфрақұрылымының жиынтық қуатын 2 ГВт-қа дейін жеткізуді көздейді.

Сондай-ақ Firebird NVIDIA компаниясының компанияға инвестиция салуға ниетті екенін хабарлады. Бұған дейін Firebird компаниясының инвесторларының бірі CoreWeave болған. Компанияның мәліметінше, тартылған инвестициялар жаһандық AI-инфрақұрылымды жедел дамытуға бағытталады.

Осылайша, Қазақстан жоғары өнімді есептеу қуаттарының қалыптасып келе жатқан халықаралық желісінің бір бөлігіне айналып, AI-инфрақұрылымды дамытуға арналған өңірлік алаң ретіндегі өз позициясын нығайтып келеді.

Анықтама: Firebird Inc. – AI бұлтты шешімдері мен инфрақұрылымы саласында жұмыс істейтін, халықаралық нарықтарда масштабталатын GPU-инфрақұрылымды дамытатын америкалық компания.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#инфрақұрылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Абай күніне орай Дархан Сатыбалды ақын ескерткішіне гүл қою рәсіміне қатысты

Бүгін 13:47

Алматыда жасөспірімдер арасындағы және отбасылық-тұрмыстық қылмыс деңгейі төмендеді

Бүгін 12:25

Алматыдағы YE концертіне 60 тегін шаттл қатынайды: көлік қозғалысы мен жол шектеулері қалай ұйымдастырылады

Бүгін 12:21

Есту қабілеті төмен қазақстандықтар мүгедектікті рәсімдемей-ақ есту аппаратын ала алады

Бүгін 12:10

Алматыда Абай ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті

Бүгін 11:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);