конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Сауалнама: елдегі инфрақұрылым жағдайына деген риз...

Сауалнама: елдегі инфрақұрылым жағдайына деген ризалық арта түсті

Мұны білген жөн Бүгін 15:59 40
Сауалнама: елдегі инфрақұрылым жағдайына деген ризалық арта түсті

Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген қоғамдық-саяси жағдайдың негізгі индикаторлары бойынша II тоқсандағы әлеуметтанулық зерттеу деректері бойынша (Қазақстанның барлық өңірлерінен 2 400 респондент), азаматтардың «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру жөніндегі хабардар болу деңгейі 87,3%.

Президент Қ.К.Тоқаев жүргізіп отырған саясаттың басты басымдықтарының бірі саналатын бұл қағидаттың халық үшін жоғары мәнге ие болуы азаматтардың әділдік, жауапкершілік және заңды бұлжытпай орындауға негізделген мемлекетті дамытуға деген сұранысын айғақтайды

. Сонымен қатар, бұл идеологема қала және ауыл тұрғындарына бірдей жақсы таныс: ауылдық жерлерде тұрғындардың 85,1%-ы бұл қағидат туралы біледі. Бұл мемлекеттік саясат ірі қалалар шеңберінен аспайды деген стереотипті жоққа шығарад

ы.Зерттеу нәтижелері аталған конституциялық қағидаттың қоғамдық сұранысқа толық сәйкес келетінін көрсетеді. Әр түрлі жастағы азаматтар заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығын бірдей жоғары бағалайды, яғни, заңдылықты ел дамуының негізгі шарттарының бірі ретінде танитын тұрақты қоғамдық консенсустың қалыптасып келе жатқанын көрсетед

і.Бұдан бөлек, азаматтардың басым бөлігі заң мен тәртіпті сақтауды мемлекет пен азаматтардың ортақ жауапкершілігі ретінде қарастырады. Мұндай көзқарас заңдылықты, қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық мәдениетті нығайтуда мемлекет пен қоғамның өзара жауапкершілігіне негізделген жаңа Конституция қағидаттарына сәйкес келед

і.Әлеуметтанулық зерттеу деректері бойынша, «елде заң мен тәртіпті сақтауға ең алдымен кім жауапты?» деген сұраққа респонденттердің жауаптары мынадай: 43,6%-ымемлекет пен азаматтар жауапкершілікті тең дәрежеде көтереді деп есептейді; 30,6%-ыжауапкершілік әрбір қазақстандыққа жүктеледі деп санайд

ы.Осылайша, халықтың 74,2%-ы заң мен тәртіпті қамтамасыз етуді азаматтардың жеке жауапкершілігі немесе мемлекетпен қатар көтеретін жауапкершілігі деп қарастырад

ы. Жас бойынша талдау көрсеткендей, бұл ұстаным барлық буын өкілдеріне тән. Жеке жауапкершіліктің ең жоғары көрсеткіші жастар арасында байқалады: 18-28 жас аралығындағы азаматтардың 52,8%-ы заң мен тәртіптің сақталуна бірінші кезекте әрбір азамат жауап береді деп есептей

ді. Сонымен қатар, сауалнама деректері Президенттің негізгі бастамаларына, маңызды азаматтық ұстанымдарға деген азаматтардың көзқарастарын және инфрақұрылымның жағдайына деген ризашылық деңгейін бағалауға мүмкіндік бе

рді. Азаматтардың 67,1%-ы Президенттің «Таза Қазақстан» тұжырымдамасынбасым бастамалардың қатарында атаған. Таза ел, таза ниет туралы идея ұрпақтар сабақтастығын күшейтіп, мамандықтарды байланыстырады: бастаманы студенттердің 65,4%-ы, 46-60 жас аралығындағы орта буын өкілдерінің 68,8%-ы, жеке еңбек қызметімен айналысатындардың 66,3%-ы және жоғары білімі бар респонденттердің 67,0%-ы тең дәрежеде қолдайды. «Тазалық» тақырыбы бюджеттік және корпоративтік секторлардың шекарасынан асып, «Таза Қазақстан» идеялық тұрғыда кең аудиторияға өркен ж

айды. Инфрақұрылым жағдайына ризалық деңгейінің өсе түскені байқалады, бұл жерде жекелеген нысандар мен қызмет түрлері бойынша оң бағалаудың өсу көрсеткіші 78%-ға дейін артқан. Ризалықтың ең жоғары деңгейі әлеуметтік маңызы бар нысандардың қолжетімділігіне қатысты тір

келді. «Инфрақұрылымдық рейтингтің» ең жоғарғы қатарында мектептер орналасты: бес қазақстандықтың төртеуі немесе 78,9%-ы білім ордаларының қолжетімділігіне ризалығын айтқан. Сонымен қатар, мәдениет мекемелерінің (73,8%), балабақшалардың (73,5%) және спорт кешендерінің (72,3%) қолжетімділігіне қатысты аса жоғары ризалық деңгейі тіркелді. Демалыс және серуен орындарының (73,7%) болуы да жоғары баға

ланады.Корреляциялық талдау нәтижесі бойынша, мемлекеттің жұмысына ризалық пен және ол туралы хабардар болудың ең жоғары көрсеткіші балалары бар отбасыларда, көпбалалы отбасыларда, 28 жасқа дейінгі жастар мен бюджеттік ұйымдар қызметкерлері арасында тіркелген. Бұл ретте отбасы неғұрлым үлкен болса және адамның өз мекенімен, жұмысымен әрі балаларымен байланысы неғұрлым берік болса, мемлекеттік

Телеграм арнаға жазылыңыз
#инфрақұрылым #Сауалнама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімдігінің гранты бойынша 137 жас дәрігер резидентураны тәмамдады

Бүгін 16:37

Алматыда екі апта бойы жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізіледі

Бүгін 16:36

Алматыда «Шабыт берген Алматы!» республикалық поэзиялық шығармалар байқауы басталады

Бүгін 15:54

Қазақстанда алғаш рет: Алматыда есту қабілетінің бұзылуын ерте анықтайтын бірыңғай жүйе іске қосылды

Бүгін 14:57

Алматының Әуезов ауданында жыл басынан бері 100-ден астам аула ретке келтірілді

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);