AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту: Павл...

Өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту: Павлодарда мұз кешенін салуға 19,9 млрд теңге бөлінді

Әлеумет Бүгін 11:45 53
Өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту: Павлодарда мұз кешенін салуға 19,9 млрд теңге бөлінді
Сурет: primeminister.kz

Үкімет Мемлекет басшысы Құрылтайдың бірінші сессиясында қойған міндеттері аясында өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды озық дамыту жұмыстарын жүргізіп келеді. Осы орайда Павлодар қаласында көпфункционалды Мұз спорт сарайын салу жобасына 19,9 млрд теңге бөлінді. 

Жобада Олимпиада талаптарына сай 400 метрлік конькимен жүгіру жолы, канадалық және еуропалық форматтағы екі хоккей алаңы, сондай-ақ керлингке арналған жолақтар қарастырылған. Бұдан бөлек, 500 көрерменге арналған трибуна, жаттығу залы, жаттықтырушылар мен төрешілерге арналған бөлмелер салынады. Кешеннің жалпы ауданы 22 мың шаршы метрден асады. Жобаны жүзеге асыру басталды, нысанды 2027 жылдың желтоқсанында пайдалануға беру жоспарлануда.

Нысан пайдалануға берілгеннен кейін қысқы спорттың бірден бес олимпиадалық түрін: конькимен жүгіру, шайбалы хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек және керлингті дамыту жоспарланып отыр. Кешеннің ашылуы жаңа спорт секцияларын ұйымдастыруға, толыққанды оқу-жаттығу процесін өткізуге және түрлі деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыруға қосымша мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта 370 мыңнан астам тұрғыны бар Павлодар қаласында 19 хоккей корты жұмыс істейді. Оның ішінде 5-еуі жабық, сондай-ақ мұз сарайы мен мұз аренасы бар. Дегенмен қолданыстағы нысандар тұрғындар мен спорт ұйымдарының қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Жаңа спорт кешені жұмыс істеп тұрған алаңдарға түсетін жүктемені азайтып, қысқы спорт түрлерімен айналысу мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Павлодар #инфрақұрылым #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жыл соңына дейін «Қалқаман» метро бекетін ашу жоспарланып отыр

Бүгін 12:51

Түркі мемлекеттері ұйымы Бас прокурорлары кеңесінің кезекті отырысы өтті

Бүгін 12:13

Алматыда әлеуметтік қорғау жүйесі қалай өзгеріп жатыр - маман пікірі

Бүгін 11:49

Мемлекет қайраткері, ғалым, ұстаз Әбікен Тоқтыбековтің есімі мәңгі жадымызда

Бүгін 11:43

Президент Ғизат Нұрдәулетовке алғыс айтты

Бүгін 11:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);