конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Бес жұлдызды қонақ үйлерден экосоқпақтарға дейін:...

Бес жұлдызды қонақ үйлерден экосоқпақтарға дейін: Алматы туристік инфрақұрылымды кешенді түрде дамытып жатыр

Алматы Бүгін 15:47 43 yakiya
Бес жұлдызды қонақ үйлерден экосоқпақтарға дейін: Алматы туристік инфрақұрылымды кешенді түрде дамытып жатыр

Алматыда туристік инфрақұрылымды кешенді дамыту жұмыстары жалғасып келеді. Қалада қонақ үй қорын ұлғайту және тау туризміне арналған бағыттарды жаңғырту қатар қолға алынған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жаңа жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде Алматы шетелдік туристерді көбірек қабылдап, туристік қызметтің сапасын арттырып, жыл бойы туристер мен халықаралық іскерлік іс-шараларды қабылдайтын орталық ретіндегі мәртебесін нығайтуды көздейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінде Алматыда қонақ үй бизнесі саласында 81 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде 8 бес жұлдызды, 9 төрт жұлдызды қонақ үй және басқа да заманауи орналастыру нысандары бар.

2028 жылға қарай мегаполистегі қонақ үй нөмірлерінің санын 12 мыңнан 18 мыңға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туристер мен ірі халықаралық іс-шараларға қатысушылар тарапынан артып келе жатқан сұранысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Алдағы жылдары Алматыда халықаралық деңгейдегі бірнеше жаңа қонақ үй ашылады. 2027 жылы бес жұлдызды Hayat Meliora, ал 2028 жылдың соңына қарай Curio Collection by Hilton шипажай кешені мен The Veil Hotel бутик-қонақ үйі пайдалануға беріледі.

Ғалия Тоқсейітованың айтуынша, қонақ үй қорының артуы туристерді сапалы орналастырумен қатар, Алматының халықаралық форумдар, көрмелер, конференциялар және MICE-туризм бағытындағы өзге де ауқымды іс-шараларды өткізу мүмкіндігін едәуір кеңейтеді.

Тау инфрақұрылымын дамыту да негізгі бағыттардың бірі болып қала береді. Қазіргі таңда табиғи аумақтарға келушілер үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасауға және табиғи ортаның экологиялық құндылығын сақтауға басымдық берілуде.

Осы бағытта ұзындығы сегіз шақырым болатын жаңа туристік бағыт «Жапон соқпағы» жобасы іске асырыла бастайды. Белсенді демалысты ұнататындар үшін жаңа тартымды орынға айналатын нысанның құрылысы 2026-2027 жылдарға жоспарланған.

Тау бағыттарын кешенді көріктендіру аясында бағыт көрсеткіштері, демалыс орындары, шолу алаңдары, орындықтар, күркелер, ақпараттық стендтер, кіреберіс аймақтары және экологиялық туризмнің заманауи талаптарына сай өзге де инфрақұрылым элементтері орнатылады.

Биыл жазда тағы бір маңызды жоба «Алма-Арасан» визит орталығының құрылысы басталады. Жоба аясында заманауи туристік орталық салынып, оған іргелес аумақ көркейтіледі, навигация жүйесі жетілдіріліп, келушілерге арналған жайлы қоғамдық кеңістіктер жасалады.

Ғалия Тоқсейітова атап өткендей, бұл жобалар тау аймақтарына келуді қауіпсіз әрі қолайлы етіп, табиғи ландшафттарға түсетін антропогендік жүктемені азайтып, халықаралық стандарттарға сай туристік инфрақұрылым қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қонақ үй желісі мен табиғи туристік орындарды кешенді дамыту Алматыдағы туризм саласының одан әрі өркендеуіне серпін беріп, қаланың Қазақстан мен Орталық Азиядағы жетекші туристік орталық ретіндегі мәртебесін нығайта түседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#инфрақұрылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Kaspi Gold енді Google Pay-да – Қазақстанда және шетелде төлем жасауға болады

Бүгін 16:32

Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі Almaty TechCup XII технологиялық чемпионаты басталды

Бүгін 16:30

Еліміздің инфрақұрылымдық арқауының тағы бір мызғымас тірегі – көлік-логистика саласы

Бүгін 16:27

Құрылтай технологиялық прогрестің жетекші факторы болады

Бүгін 16:24

Мұны кезекті әкімшілік реформа деп түсінуге болмайды

Бүгін 16:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);